Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мұндайда ат жақсы ғой. Көлікпен мал іздеймін деп несі бар еді?..

188

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдай департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

“Оқиға 4-қаңтарда болған. Қызылорда облысы Бәйгеқұм аулының тұрғыны құтқарушыларға хабарласып, автокөлігінің облыс орталығынан 110 шақырым қашықтықта орналасқан Бәйгеқұм ауылы маңындағы Қанқожа көлінде мұз астына түсіп кеткендігін айтқан. Хабар түскен бойда оқиға орнына құтқарушылар тобы аттанды”, — деп хабарлады ведомствода.

Оқиға орнында анықталғандай, OPEL Vectra автокөлігінің иесі мен досы мал іздеуге шығады. Ер адамдар жол қысқарту үшін көлді кесіп өтеміз дегенде, мұз астына түсіп кетеді. Ер адамдар көліктен шығып үлгеріпті. Ал, OPEL Vectra су түбінде қалса керек. Құтқарушылар суға сүңгу құрал-жабдықтары мен қолда бар затты пайдалана отырып, автокөлікті тартып, жағаға шығарып алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз