Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Мұнай өндірісі қысқарды. Қазақстан ОПЕК талаптарын орындағанын жария етті

Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмұрзиннің айтуынша, қаңтар айынан бастап, еліміз мұнай өндіру көлемін мұнай картелінің мәжілісінде айтылғандай, тәулігіне 20 мың баррельге қысқартты. Алайда министрлік өкілі өндіріс қысқартылған кеніштердің аттарын атамады.

Осыған дейін ведомство басшысы Қанат Бозымбаев Ақтөбе, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарындағы кеніштер туралы айтқан болатын. Ол жерлерде мұнай өндіру көлемі табиғи түрде азайып келе жатқан.

«Біз 20 мың баррельге аз өндіреміз. Жыл соңына дейін ОПЕК мүшелері мен ондағы бақылаушы елдердің кездесуі болады. Сонымен қатар тағы бірқатар кездесулер болып, онда бақылау тетіктерімен қатар одан арғы іс-қимыл жоспары да сөз болады. Олар нарыққа ықпал етеді ме, нәтижесін береді ме, ол жағын біз білмейміз. Ең құрығанда бір ай күте тұру керек»,-деді Қуандық Құлмұрзин.

Белгілі болғандай, өндіріс көлемін Сауд Арабиясы қысқартты. Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, әңгіме тәулігіне 486 мың баррель туралы болып отыр. ОПЕК мүшелері 30-қарашада өткен мәжілісте тура осындай көрсеткіш бойынша келісті.

Айта кетейік, картель мүшелері өндіріс көлемін тәулігіне 1 млн 200 мың баррельге қысқартуға келісті. Яғни 32 миллионға дейін қысқарту туралы айтылды. ОПЕК елдеріне кірмейтін Қазақстан сияқты елдерге келетін болсақ, олар мұнай өндіруді тәулігіне барлығы 558 мың баррельге қысқартуға келісті. Оның негізгі салмағын Ресей өзіне алды. Ол өндірісті тәулігіне 300 мың баррельге азайтатын болды. Әзербайжан 35 мыңға, Мексика 100 мыңға қысқартуға келісті.

Қазіргі таңда тек екі ел ғана өздерінің осы міндеттемелерін орындауға кіріскендіктерін жария етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз