Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мұнай Қазақстан үшін әлі маңызды. Қазақстан әлі Катардан озуы мүмкін

211

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев мамырда батыстың іскерлік басылымдарына сұқбат беру кезінде

қолдау маусымның соңына қарай орын алып, жоба құны, шамамен, 36-37 млрд АҚШ доларын құрайтынын
болжаған еді

Алайда Wood Mackenzie Ltd. Консалтигнтік компаниясы бағаны аздап көтерді — олардың бағалауы бойынша жоба 40 млрд доллар болады екен. Корпорация өкілі Курт Глаубитц мырза Bloomberg агенттігінің осы сома бойынша түсініктеме беру жөніндегі өтінішіне жауап беруден бас тартты.

— Бұл мәселе Шевро үшін де, Қазақстан үшін де өте маңызды, — деп хабарлады IHS Inc консалтингтік компаниясының Ресей мен Каспийдің энергетикасын зерттеу жөніндегі басқарушы директоры Мэттью Сагерс. – Бұл адамдар осындай ақша салуға дайын болғандықтан мұнай мен газ нарығындағы ахуалдың өзгеріп жатқанын көрсетеді.

36621

Қанат Бозымбаев

Сарапшылар Chevron-ның әрекеттеріне күмәнмен қарауда

Теңізді кеңейту әлемдегі мұнай компаниялары дағдарыстан өту мақсатында салаға инвестиция құюды 1 трлн долларға күрт қысқартқан кезде орын алып отыр. Шикі мұнайдың бағасы 2014 жылғы маусымнан бері 75 пайызға құлады. Жүз мыңдаған бұрғылаушылар, геологтар мен геофизиктер жұмыссыз қалды. Сондықтан IHS сарапшылары Chevron Corp.-дың Қазақстандағы инвестициялық жобасына күмәнмен қарап отыр.

Chevron корпорациясы үшін инвестицияларды қысқарту Мексика шығанағындағы оффшорлық аймақтарда және әлемнің басқа жерлеріндегі үлкен тереңдіктерде табылған жүздеген миллион баррель мұнайды шығынға шығаруды білдіреді. Корпорация 2017 және 2018 жылдары өзінің жыл сайынғы жоспарлы шығындарын тиісінше, бұл 2016 жылғы инвестициялар сомасынан 26 пайыз аз. Алайда Теңіз кенішіндегі өндіру жобасында Теңіз корпорациясы 50 пайыз үлеске ие. Бұл басқа серіктестер — КМГ, ExxonMobil және ЛУКойл үлесінен көп. Сондай-ақ

Теңіз Chevron-ның бүкіл әлемдегі өндірісінің бестен бір бөлігін беретінін ескерген жөн

Теңізде бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр

Өткен жылы Теңізде тәулігіне , шамамен, 78 мың тонна мұнай өндірілген болатын. Кеңейту аясында тәулігіне 32-29 мың тонна мұнай өндіруді қамтамасыз ету үшін күкірт газын қайтадан жер қыртысына құю жүзеге асырылады.

— Chevron корпорациясы үшін Теңіз өте табысты жоба болды. Ол барлығы жоспар бойынша жүзеге асып жатқан әлем бөлігіндегі аз жобалардың бірі, — дейді Edward Jones & Co компаниясының сарапшысы Брайан Йонгберг.

Сондай-ақ,

Теңіз – Chevron-ның бюджетті қысқартпаған жалғыз жобасы болып отыр

Корпорация өз акцияларын орналастыру арқылы қосымша қаржы табатынын да жоққа шығаруға болмайды. Бұл мұнай өндіруді ұлғайтуды қаржыландыруға қажет, бұл туралы наурызда акционерлермен және инвесторлармен кездесуде корпорация төрағасы Джон Уотсон айтқан еді.

Теңіз Қазақстанды алға алып шыға ма?

Теңіз 1979 жылы ашылған болатын, бірақ ол кезде техникалық жағынан кеніш кеңес индустриясы үшін өте күрделі болатын. 1985 жылғы маусымдағы Т-37 скважинасындағы бақылаусыз жарылу 400 күнге созылған өртке әкеліп соқты, ақырында өрт АҚШ-тың скважиналарды бақылау жөніндегі қызметі мамандарының көмегімен сөндірілді. Wood Mackenzie консалтингтік компаниясындағы Сэмюэль Луссак кеңейтуден кейінгі өндіру 2021-2022 жылдарда басталуы керек, деп есептейді. Луссак 2016 жылғы күзде „оңалатын„ Қашағанмен бірге алғанда,

жаңа Теңіз әлемге «жаңа шағын, бірақ мұнай өндірудегі маңызды ұлтты танытады»,

деп есептейді. Өйткені ол кезде Қазақстандағы тәуліктік өндіру деңгейі 2 млн баррельден артық болады, яғни, Норвегия мен Катардағыдан артық болады.

Қазіргі таңда корпорацияның бес континентте 13 негізгі инвестициялық жобалары бар. Солардың арасында Теңіз бірінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыз

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз