Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Мұхтар Жәкішевтің түрмедегі өмірі туралы баяндалды

Дегенмен хатта бұл жаза не үшін болғаны, Мұхтар Жәкішев оны қалай өтегені айтылмады.

Хатта атап көрсетілгендей, Мұхтар Жәкішев, 1963 жылы туған, ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағы, «а», «б», «г» тармақшасы, 193 бабының 3-тармағы, «а», «б» тармақшасы, 307-бабының 4-тармағы, 235-бабының 1-тармағы, 58-бабы 3, 6 тармағы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылған.

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА 155/8 мекемесіне 2015 жылдың 25 сәуірінде жеткізілді. Сонымен қатар 2013 жылдың 31 желтоқсанында ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 116-бабына сәйкес, мекеме комиссиясы оны жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларына көшіруді шешкен.

«Мекемеге жеткізілгеннен кейін жұмысқа орналастырылды. Ерікті түрде талап-арызды өтеуде. Еңбекке деген қарым-қатынасы оң. Мекеме аумағын абаттандыруға, отрядтың мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсарту ісіне тиянақты қарайды. Тәрбиелік, мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға, сонымен қатар отрядтың қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады», – делінеді хатта.

Сондай-ақ „шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қолдаухат мекеме әкімшілігіне түспегендіктен, аталмыш сұрақ сотта қаралған жоқ„ деп хабарлайды департамент өкілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз