Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
17
USD
425
0.00
EUR
500
0.00
RUB
5.77
0.00

Тайжан – Байбекке: Тарихты құрметтей алмасаң, бізге рұқсат бер, біз құрметтейік!

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен оның ішкі саясат бойынша  орынбасары Арман Қырықбаевты осы мәселеге басты назар аударуға шақырған қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан ортаға ұсыныс тастады.

Өз ұсынысы туралы Мұхтар Тайжан Facebook-тегі жеке парақшасында жазыпты.

„Әрине, арықтарды тазалау керек, селден қорғану үшін бекініс орнату қажет, қаламыз әдемі болу үшін бақтарға қоқыс жәшігін қойып, тазалақ жүргізу керек. Мұның бәрін көріп жүрміз, дұрыс қой, түсінеміз. Түрлі мәдени шаралар өткізіледі. Әділ болу үшін атқарып жатқан осы істеріңізге тоқтала кетуді жөн көрдім.

Алайда басқа да маңызды мәселелер бар ғой…

Мысалы, сіздер қалада 2-3 жылда аракідік бір акция өткізесіздер. 9-мамырдан басқасын.

Ал 9-мамырда жылда әскери киімдегі адамдар көшеде маршқа шығады, миллиондаған қазақты қырған қызыл империяның шен-шекпенін таққандар ортамызда жүреді, кеңінен насихатталады.

Қызылдың заманында Аралымыздан айырылдық, 7 үлкен сынақ алаңында атом және гептил бомбалары сыналып, біздің жеріміздің ту талақайы шықты. Қазақ мектептері жабылды, қазақтың зиялылары атылды. Оны біз ұмытқанымыз жоқ. Ондайды ұмыту мүмкін емес.

Міне, осындай акцияларға мұғаліммен оқушыларды қосақтап, курсанттарды жібересіз, әскери оркестр ұйымдастырасыздар.

Шыныңызды айтыңызшы, сіз мұндай акциядан қандай ләззат аласыз? Меніңше, бұл – тарихи стокгольм синдромының белгісі.

Сіз шынымен де тарихты құрмет тұтасыз ба?.. Олай болса, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы құрметіне неге осылай әскери шеру өткізбейміз? Әлиханның 150 жылдығына олай етуге болмай ма? Неге балаларға тарихтың бір жерін уағыздап, ал тағы бір жері туралы жасырып қаласыз.

Дәтіңіз жетпесе, бізге рұқсат беріңіз.

Біз аштан, репрессиядан қырылған, кеңес империясы құрамында экология құрбандары болған миллиондаған қазақтың аруағын еске алатын шеруді өзіміз-ақ ұйымдастыра аламыз. Тек рұқсат берсеңіз, болғаны…„

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз