Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан Фейсбук арқылы елорда билігінен қоғамдық орындарда қашан қазақ әндері орындалатындығын сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана қаласы билігіне менің қарапайым ғана сауалым бар. Сіздерде, қоғамдық орындарда неге қазақ әндері шырқалмайды? Келушілердің 80-90 пайызы қазақтар және бірде-бір қазақ әні жоқ. Қазақ эстрадасын қаперге де ілместен ресейлік немесе шетелдік эстраданы ғана қойып қояды. Бұл халықты зомбилаудың нағыз өзі. Мен қоғамдық орындар супермаркеттерде, кинотеатрларда, шаңғы ылдиларында, мұз айдындарында, стадиондарда уақыттың кемінде 80 пайызында қазақ музыкасы, қазақ эстрадасын қойдыртатын заң қабылдауды ұсынамын. Әсет Исекешев осы проблемаға назар аударсаңыз», – деп жазды Мұхтар Тайжан.
inform.kz