Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Мұхтарға тиіспеңдерші!” БҰҰ-ның Әблязовқа жаны ашып қалыпты

БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Францияда үш жылдан бері қамауда отыр. Оны экономикалық қылмыстары үшін экстрадициялауын Ресей мен Украина сұрап отыр. Нильс Мельцердің мәліметі бойынша, 9*-желтоқсанда Францияның Мемлекеттік кеңесі Әблязовты экстрадициялау жөнінде шешім қабылдауы керек. Нильс Мельцер саясаткердің өз елінде саяси өмірге араласып, билікке қарсы тұруына байланысты қудалауға ұшырады деп есептейді. Бұған қоса, ол саясаткердің Қазақстан түрмелерінде бұған дейін азаптауға ұшырағанын атап өтті.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысының мәлімдеуінше, Францияның Мемлекеттік кеңесі Әблязовты экстрадициялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, бұрынғы банкир бірнеше күннің немесе сағаттың ішінде Ресейге экстрадициялануы мүмкін. Мельцер Ресейдің Әблязовты Қазақстанға қайтарып беруін, бұл елде саясаткерді азаптауы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияның оңтүстігінде ұсталып, артынша, түрмеге отырғызылды. Оны Қазақстанда, Украинада және Ресейде аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыптап отыр. Әблязов бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарып, олардың саяси астары бар екенін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз