Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Мұхамеджан Тазабеков не дейді?

134

Жылдамдығы қалыпты, өзі күшенбесе де, өзен ағысы жолда қалдырмайды. Жүрісі жүйеленген, төтеннен төнген қауіп жоқ, алған адамы, арқалаған жүгі қауісіздікте. Дала мен дала, қала мен қаланың арасын еркін шарлап, тауарын өткізіп, адамын жеткізіп, сапары- сапалы өмірге айналады. Жолаушылары жайлылықтан дандайсып, кенеттен апатқа ұшырап қалмаса, ондай кеменің желкені жыртылып, арқаны үзіле қоймайды. Темірі тозып, едені тесіле бермейді… Енді бірі- тау өзенінен төмен құлдилаған жеңіл қайық секілді. Ағыстың қаттылығы соншалық, қайда, қашан баратыныңды өзің шеше де, жоспарлай да алмайсың. Таяныш таяғыңды тас қып ұстап, тағдырыңды бір құдайға тапсырасың.

Өз бағытыңды өзің таңдамақ түгілі, тасқа соғылмай, аударылып түсіп, апат болмай аман сақталсаң, соған да қатты риза боласың. Ондай ескекті қолға ұстаған жанның қарымы қатты, жүрегі тәуекелшіл, ақылы алысты байқағыш болады. Сарқыраған көбікті суға бір батып, бір шығып, ұрынбай өткен қой тасқа қорқақтай қарап, алға жылжисың. Өзеннің жайпақтау жеріне жетіп, жайлы қайыққа жайғасып мінгенше, артында отырған алдындағыға, алдындағы артында отырғанға кедергі келтірмей, керісінше тепе-теңдік пен ортақ үйлесімді сақтауға тырысады. Оны сақтамағандардың, көбінде, қайығы орта жолда төңкеріліп, діттеген жеріне жете алмай титықтайды… Келесілерінің тағдыры тіптен аянышты. Тартылған теңіздің орынында қауқиып құр қаңқасы қалған, ішіне ит-құс дәрет сындырып, қыбырлаған жәндік қиын қалдырған кеме мен қайықтар да бар. Атызда аңтарылып, қойын-қонышында сыңсыған жел улеп, жер бауырлап жатқан ондай кемелердің бір кездері, ақ айдында желкені желбіреп, жал-жал толқынды жарып кетіп бара жатқан “қуатты күш” болғанына сенгің келмейді… Алла біздерді панасына алғай!!!

Шуақты елде қуатты мемлекет құрып, екі дүниенің игіліне қол жеткізе берейік! Тәуелсіздік тойы құтты болсын, ағайын!!!

Мұхамеджан Тазабеков,

 Facebook парақшасынан алынды

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз