Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

М.Горбачев: Қазаққа ешқашан батыр атағы берілмейді

Жиынға құттықтау сөздер айтқандардың қатарында Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани мырза болып, ол Қазақтың тоталитаризмге қарсы желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толса, Венгрияның 1956 жылғы төңкерісіне 60 жыл болғанын атап өтті.

Қазақтың тұңғыш-ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың де құттықтау сөзі оқылды. Ол өзі жақын туысы қайтыс болғандықтан жиынға келе алмапты. Батырдың сөзінде бұрын айтылмаған бір дерек қылаң берді. 1987 жылы Т.Әубәкіров Мәскеуде тұрған екен. Оның сол жылы жасаған ерлігі Батыр атағына ұсынылып, КСРО ЖК хатшысы Т.Ментешашвили Жарлыққа қол қою үшін Горбачевке апарса, «Желтоқсан» үшін халқымызға әбден өшіккен қалдыбай оны: «қазаққа ешқашан да батыр атағы берілмейді» деп қолымен қағып жіберіпті. Тек, Т.Әубәкіров партиялық есепте тұрған Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы В.Гришиннің  табанды түрде талап етуінің арқасында ғана Тоқтар ағамыз Батыр атағын алған көрінеді.

Сөйтіп, шенеуніктер өз арасында жат түгіл жақынына істей алмайтын жақсылықты В.Гришин қазаққа жасаған екен…

1478853363

Дереккөз: shyn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз