Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Мәдениет және спорт министрлігі допингке қатысты ресми мәлімдеме жасады

Аталмыш ақпарат Халықаралық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында да жарияланды. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшылардың «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық еркін күрес палуаны, күміс жүлдегер Таймураз Тигиевті сол ойындардан шеттеттіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшылардың сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манезаны сол Ойындардан шеттетті. Сонымен қатар, комиссия спортшылардың нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

«Спортшыларға қолданылатын жазалардың мерзімін тиісті халықаралық федерациялар анықтайды. Бұл мәселе бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп жақын уақытта, осындай жағдайлармен жұмыс жүргізіп отырған шет мемлекеттердің тәжірибелерімен танысатын болады. Және де мәселенің заңнамалық аспектілерін қарастырады»,-деп хабарлады министрліктің ресми сайты.

«Әділ спорт» қағидалары мен «таза» спортшыларды қорғау және допингті қолдануға «нөлдік төзімділік» саясатын қолдау – Қазақстан Республикасының спорт саласындағы басты бағыты».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз