Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
7
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Мұғалімдер демалыста…Есімов ЭКСПО-ның билеттерін кімге өткізеді?

Бұған бірінші кезекте Есімов таңғалып отыр.

Осы үшін де Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевті бір сілкіп алғанға ұқсайды.

“Серік, сен айтшы, бұл қалай болғаны? 50 пайыз жеңілдік жасасақ та, Алматы облысында билет сатып алғандардың саны оннан аспайды. Айтуға ұят, тіпті, мен сатып алған билеттің саны бүкіл Алматы облысынан көп”, – деді Есімов.

Бұдан кейін ол Тұрдалиевке нақты тапсырма берді.

“Әкімге сәлем айт, әзір сендер соңғы орындардың біріндесіңдер. Қызылорда болмаса, көш соңында қалар едіңдер”, – деді Есімов.

Солай.

Маусымның 10-ы мен 20-сы аралығында ЭКСПО-ның билеті 2000 теңгеге сатылған. Ал 30-шы маусымға дейін көрме билетін 40 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға болатыны тағы да айтылған.

Мәселе мұнда емес.

Сатылмай жатқан көрменің билетін Есімов кімге өткізеді? Тағы да мәжбүрлеу бола ма? Мәжбүрлеу болса, кімді қинайды?

Біз біліп отырмыз. Қиналатын тағы да бюджет қызметкерлері. Мұғалімдер, дәрігерлер…

Көрменің “қызығын” солар көреді. Амалсыздан. Адам бармағасын….

Сонда әлгі бір шетелдік қонақтары қайда? Көрмені көруге мыңдаған, он мыңдаған көрермен келеді деген өтірік болды ма? Билік осылай уәде беріп еді ғой?

Осындай шақта “Арық айтып, семіз шық” деген халық даналығы еріксіз ойыңа оралады.

fvu3yohTnmg

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз