Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

«Любимому папе» — Алтынай Жорабаеваның қыздары оның күйеуін қабылдап, жақсы көріп кетті

1885
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Танымал әншінің қыздары анасы мен жаңа әкелеріне арнап тосынсый жасады. Жаңа отау құрған ерлі-зайыптылардың бөлмесіне жүрекше пішініндегі хат қалдырған. Онда «Любимому папе» және «Любимой маме» деп жазылған.

Бұндай сөздерге жүрегі елжіреген әншінің жолдасы қыздардың бетінен сүйіп, құшақтады. Бейне көріністегі қарым-қатынасқа қарағанда, қыздары анасының таңдауына риза болып, қабылдаған секілді.

Естеріңізге сала кетейік,  өткен аптаның соңында Алтынай өзінің жанкүйерлеріне өзінің екінші рет тұрмысқа шыққанын айтқан болатын. Жаңалық тез арада қазнет кеңістігіне тарап, оқырмандары тек жағымды пікір білдірді. Барлығы әртісті құттықтап, отбасы бақытын тіледі.

Алтынай бұған дейін Сәбит Әбдіқалықовпен некеде болған еді, ол 2017 жылы ажырасуға өтініш беріп, Нұр-Сұлтан қаласына көшіп кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз