Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Лукашенко сайлауда тағы жеңіске жетсе, Белорусь үшін қиын кезең басталады — саясаттанушы

300

Жақында өтетін кезекті сайлауда Беларусь президенті Александр Лукашенко ең дұрыс жолды таңдамады. Бұрын-соңды ел басқарған тұсында ол осындай күрделі жағдайға тап болмап еді. Алғаш рет оны «жаулары жан-жағынан қоршап алды» немесе өзін ұнатпайтын адамдардың ортасында қалды.

Ережені бұзудың алдында

Бұл жолы жеңіске жету үшін ол барлық күш-жігерін жұмсап,  саяси тапқырлығын көрсетуі керек. Ол ішкі қарсыластарға қарсы қатаң шаралар қолданғанымен,  Еуропаның көңіл қалдырмауға тырысады. Сондықтан оппозициялық кандидат Светлана Тихановскаяның митингілеріне рұқсат берді.

Ол Ресейге қатысты қатал және қисынсыз әрекет етуде. Ол Ресейдің «Вагнер» атты жеке компанияның адамдарын тұтқындап, бронды техниканы Ресей шекарасына жіберді, тіпті қамауға алынған вагнерлерді Украинаға жібереміз деп сес көрсетті.

Бір доллардың құны 500 теңге — 2020 жылдың соңына дейін бұл сценарийдің орындалуы мүмкін бе?

Дегенмен, 9 тамыздағы сайлаудан кейін Лукашенко соңғы уақытта Ресейге қарсы ерекше қатаң риторика қолданғанына  қарамастан, Мәскеумен келісімге келуге тырысуы мүмкін. Себебі, оның басқа амалы жоқ, ең алдымен  бұл экономика саласы үшін қажет.

Сұлтан Әкімбеков, тарихтанушы, саясаттанушы

Беларустің Ресейге тәуелділігі тым үлкен. Шын мәнінде, АҚШ та, Еуроодақ та Минскі де қаржыландыруды қамтамасыз ете алмайды. Мәселен, мұнай жеткізу операциясының кірістілігі соңғы жылдары қысқарса да, экспорттық нарықтың тиісті үлесі де, еуропалық нарықтағы Беларусь кәсіпорындарының өнімдері бәсекеге қабілетті емес.

Сондықтан Лукашенко амалын тауып Мәскеумен келіссөздер жүргізеді. Бірден болмаса да, жағдай тынышталғаннан кейін бұл істі қолға алады. Сонымен бірге ол Батыспен қарым-қатынас орнатуды жалғастырады.

Беларустің батысқа  бір жола бет бұруы іс жүзінде мүмкін емес

Өйткені Батыс бірден реформаларды қажет етеді, ал Лукашенко үшін саяси  немесе экономикалық реформалардың қайсысы қолайсыз екені әлі белгісіз.

Интуиция ма, әлде алдын-ала сақтану ма?

Бабариконың президенттікке үміткер ретінде пайда болуы Александр Лукашенконы алаңдатқаны анық. Беларустегідей билік құрылымдарында Ельциннің шартты феномені қауіпті.

Мекеме өкілдерінің бірі күтпеген жерден оппозицияға кетіп, оның атынан әрекет етуі күтпеген соққы болды. Бұрындары КСРО-да дәл осындай жағдай орын алды, КОКП Мәскеу қалалық комитетінің бірінші хатшысы Борис Ельцин партия басшылығына қарсы шығып, осы қызметтен босатылғаннан кейін Мәскеудегі сайлауда жеңіске жетті, халық депутаты болды.

Егер мұндай адам ықпалы жоғары көрші елге жақын болса, бұл алаңдаушылық туғызбауы мүмкін емес

Бабариконың ресейлік Газпроммен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуін Лукашенко басып озу әрекеті ретінде бағаланды. Мүмкін, олай болмаған да шығар, бірақ Лукашенко Бабариконың пайда болуы кездейсоқ жағдай емес деп есептеді.

Ресейлік БАҚ-та Лукашенкоға қатысты сыни материалдар пайда бола бастады. Атап айтқанда, оның электоралды қолдауы өте төмен екеніне баса назар аударылды.

Кейбір БАҚ интернет-аудиторияның сауалнамалары нәтижесінде алынған үш пайыз туралы жазды. Бұл нақты нәтиже емес екені анық,  интернет-аудитория өте ерекше және сауалнама қорытындысына түзетулер енгізуге болады.

Қатаң жауап

Осыдан кейін жағдай күрт нашарлады. Беларусь президентінің риторикасы одан да қатаңдай түсті. Бабарико ақырында өзі басқаратын банкте қызметін асыра пайдаланды деген айыппен қамауға алынды. Сонымен қатар, Лукашенкоға сайлауға қатысуына қарсы қоғамның наразылығын көрсету үшін қол жинаған блогер Сергей Тихановский қамауға алынды. Лукашенконың бұрынғы көмекшісі және жоғары технологиялар паркінің басшысы тағы бір ықпалды кандидат Валерий Цепкало Ресейге қашып кетті.

Жалпы, Лукашенко бұл сайлауды өз басшылығына алды және барлық ресурстарын жұмылдырды. Бірақ ресурстары аз, ал мәселенің бағасы жоғары болғандықтан, кейбңр ережелерді бұзуға дейін баруда.

Қазақстандағы байларға салынатын салық: көлемін қашан арттырады және нәтижесі қандай болады? —

Бірақ жағдай түсінікті, Лукашенко қолынан келгенше қорғануға тырысуда, ол іс жүзінде алғаш рет өзінің билігіне қауіп төнгенін сезінді.

Егер Бабариконың өзін президенттікке кандидат  ретінде ұсынуын  кездейсоқ емес екеніне келісетін болсақ, оның  Ресейдің әсерлі ақпараттық әлеуетін және сайлаушылардың маңызды бөлігінің ресейшіл көңіл-күйін пайдаланамын деп есептегенін жоққа шығара алмаймыз.

Себебі қалыпты жағдайда бұл осындай қолдауға үміт артқан кандидаттың жеңіске жетуіне кепілдік береді. Бірақ  бұл бұрын-соңды болмаған тамаша жағдайларды қажет етеді.

Әрине, Лукашенконың басқа біреу үшін осындай тамаша жағдай жасамайтыны белгілі. Ол биліктен бас тартқысы келмегендіктен, ол үшін күресе бастады. Бірақ ол Мәскеу өзіне қарсы әрекет етуде деп ойлағандықтан, Ресейді күтпеген жағдайда қалдырған қадамдарға бара бастады.

Ресейліктер шынымен де қауіп төндірді ме?

Қалай болғанда да,  жеке әскери компанияның әскерилерін Беларуске кім әкелсе де, олардың сайлау қарсаңында қамауға алынуы Минскіге, бір жағынан, Ресейге қарсы ақпараттық науқан бастауға, екінші жағынан, ел ішіндегі саясатты қатаңдатуға себеп болды. Шын мәнінде, бұл заттар өзара байланысты.

Бірақ «Вагнерге» қатысты іс көбінесе  батыстағы саясаткерлерге бағытталған. Лукашенко Батысты  Ресей тарапынан қауіп төнгендіктен ішкі оппозицияға қарсы репрессиялық шаралар қабылдағанына сендіруге тырысты. Бұл  9 тамыздағы сайлаудан кейін салынуы мүмкін санкцияларды болдырмауға мүмкіндік беруі керек.

Қалай болғанда да президент Лукашенко осы сайлауда ва-банкке барды, ол өзінің мансабындағы ең үлкен ставканы жасады. Ол қазір сайлауда жеңіске жетуді басты мақсат етіп отыр. Сайлаудан кейін өзінің Батыстағы, Шығыстағы барлық контрагентімен жағдайға қарап сөйлеседі.

Ары қарай не болады, президент мырза?

Әрине, оның жағдайы қиын, тіпті 9 тамыздағы сайлауда жеңіске жетуінің бұған қатысы жоқ. Оның  әкімшілік ресурстар мен қауіпсіздік күштерін қолдану арқылы жеңіске жететіні анық.

Беларусте әсіресе ауылдық жерлерде және шағын қалаларда консервативті электорат бар, бюджет қызметкерлері  де қолдау білдіретіні сөзсіз. Сондықтан Лукашенконың рейтингі, ең алдымен, 50%-дан, тіпті одан да жоғары болады, бірақ 3% емес.

Лукашенко әрқашан популист болды, тек ол қазіргі заманғы емес, ескі Социалистік типтегі популист. Бұрынғы КСРО-да мұндай популизм жастар мен қалалық либералды халықтың белсенді бөлігін ұнамаса да, әрдайым кең қоғамдық қолдауға ие.

Сондықтан Лукашенконың билікте қалу мүмкіндігі жоғары. Бірақ шайқас аяқталып, қорытынды жасайтын уақыт  келгенде Беларусьте өте қиын кезең басталады. Себебі оның экономикалық моделінің әлсіздігін, сондай-ақ оның Ресейге тәуелділігін жоққа шығару мүмкін емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз