Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

– Былтырғы бюджетте Ұлттық қордан берілетін трансферттердің үлесі 40 пайызға дейін өсті. Бұл экономикаға бюджеттің контрциклдық ықпалын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде, – деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, есепті кезеңде бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,2 пайызын, ал мемлекеттік борыш – 21,6 пайызын құраған.

– 241 нысаналы индикаторларға қол жеткізу қамтамасыз етілді. 39 индикаторларға қол жеткізілген жоқ, ал 28 индикаторлар бойынша есептің деректері кейінірек жарияланатын болады. Біз есептің талдамалы бөлігін тиімді көрсеткіштермен кеңейтеміз. Сонымен қатар, бюджеттің ашықтық индексі бойынша бізде оң серпін бар. Мәселен, 2008 жылы Халықаралық бюджеттік әріптестік ұйымы бізге 35 балл берсе, былтырғы – 2015 жылы бұл көрсеткіш 51 балды құрады, – деді Б. Сұлтанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз