Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ұлттық банк жаңа төлем ұйымдарын есепке алмақшы

133

«Төлемдер мен төлем жүйесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымы талқысында еліміздің бас банкирі жаңа буын төлем қызметтерін қадағалауға алынатынын айтты.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның төлем нарығында жаңа банктік емес ойыншылар шығып, жаңа буын төлем қызметтері пайда болып жатыр. Халықаралық стандарттардың енуі нәтижесінде, төлем жүйесінің тәсілдері де өзгеріске ұшыраған. Ал қолданыстағы заңнамалық база төлем нарығын және оның барлық субъектілер қызметін жүйелік реттеуді қамтамасыз етпейді.

– Ақша төлемі мен аударымдары туралы қолданыстағы заң банк пен оның клиенттеріі арасындағы қарым-қатынастарды ғана қамтиды, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру рәсімдерін регламенттейді. Дегенмен төлем нарығының жұмыс істеуі саласында құқықтық негізді құру және қарым-қатынастарды кешенді реттеу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдар рәсімдері бойынша нормаларды жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеу қажеттілігі туындады, – дейді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, заң жобасында төлем жүйелерінің жұмысы регламенттеледі. Бұл ретте халықаралық стандарттарға сәйкес, төлем жүйелері жіктеліп, төлем қызметінің нарығы реттеледі.

– Сосын заң жобасы нарықтың субъектілік құрамын айқындайды. Төлем қызметтерін жеткізушілердің ұғымы мен санаттарын енгізеді, олардың қызметтерін реттеу режимін, сондай-ақ олар көрсететін төлем қызметтерінің түрлерін айқындайды. Бұған байланысты Ұлттық банк жеке төлем ұйымдарын есептік тіркеуден өткізетін болады, – деді Данияр Ақышев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз