Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Ұлттық банк ұлттық мүддені елемейді”. Блогер “тығып” өткізген жиынды сынға алды

Бүгін, міне 3 сағат бұрын әлгі баспасөз мәслихатының ақыры өтіп кеткенін білдім. Сөйтсем оған таңдаулы БАҚ өкілдері іріктеліп шақырылыпты. Бұдан Ұлттық банк таңдау жасау арқылы БАҚ-пен байланыс жүргізгісі келмейді деген қорытынды шығаруға болады. Ал ол өз кезегінде мемлекеттік органдар ашықтығы туралы Елбасының жолдауында айтылғандарға қарама-қайшы келеді.

Мен қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен ретінде Ұлттық банк пен оның баспасөз қызметіне шағымданғым келеді. Өйткені олар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қоғамдық қызметіне жан-жақты кедергі келтіруде.

“Бузул Аурум” компаниясының күмәнді акциясын сатып алып, зейнетақы жинағы ақшасын ҚР Ұлттық банктің  лизенциясын өзі тартып алып қойған Қазинвестбанктің депозитіне салу ықтмалдылығына қатысты қоғамның жадында сан сауал бар. Мұндай дүрбелеңнен соң халық өзінің зейнетақы жинағына алаң.

ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне де бұл фактіні ескеруді сұраймын. Өйткені Ұлттық банк ұлттық мүддені елемей отыр, мәлесені ашып айтпайды, жан-жақты талқыға қоғам өкілдерін қатыстырмайды. Тіпті, кей кезде оған кедергі келтіріп те отырған секілді”

делінеді Кривошеевтің жазбасында.

Еске сала кетелік, кеше Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңа басшысы тағайындалды. Ол – бұрын Тұрғынүй құрылыс жинақты басқарған Нұрбибі Наурызбаева. Ол адамның өзі осы соңғы қызметінен жемқорлыққа қатысты үлкен даудан соң кеткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз