Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты тексеру жүріп жатқанын растады

Тексеру Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өз активтерін инвестициялау бойынша жүргізілген операцияларына қатысты жүргізіліп жатыр.

ҚР Ұлттық банкі құқық қорғау органының іс-қимылына қатысты мәлімет беруге ешқандай қақысы жоқ. Тексеру бітіп, нақты процессуальдық шешім шыққаннан соң бұл жайтқа құқықтық деңгейде нақты баға беріледі.

«БЖЗҚ» АҚ-тың жеке активтері оның капиталы мен шаруашылық қызметінің нәтижесінде түзіледі. Сондықтан «БЖЗҚ» АҚ жеке активтерін өздігінен басқаруға толықтай құқылы.

Азаматтардың зейнетақы жинағы «БЖЗҚ» АҚ-тың балансынан бөлек қарастырылған, олар бөлек есепке алынады. 2016 жылғы ҚР Ұлттық банктің басқару кеңесінің мақұлдап, бағыттауымен ғана зейнетақы жинақтарын инвестициялауды Ұлттық банк жүзеге асырады. Оған қоса 2016 жылы зейнетақы активтерін нақты сектордағы жекеменшік компанияның қаржы құралдарына инвестициялау қарастырылмаған.

2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің табыс көлемі 7,5 пайыздық инфляция көрсеткіші кезеңінде 8,15 пайызды құрады. Демек, бұл көрсеткіш зейнетақы жинақтарын инфляциядан толықтай қамтамасыз ете алғанын байқатады.

Ал қоржын құрылымы, инвестициялық қызмет пен ай сайынғы табыс туралы мәліметтер жекелей «БЖЗҚ» АҚ сайтында үнемі жарияланып отырады.

Еске сала кетелік, кеше құзырлы органдар зейнетақы қорындағы 5 млрд  теңгенің  «Бузгул Аурум» ЖШС-ның облигацияларына инвестициялау арқылы жымқырылғанын анықтағанын, бірақ Ұлттық банк бұл туралы үнсіз отырғандығы туралы мәлімет тараған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз