Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Өлсең өмірем қал!”. Саясаттанушы Қарағандыдағы апатқа қатысты билікті сынап тастады

Бұл туралы саясаттанушы Ерлан Сайыров Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

“Қоғам үшін әрбір адамның өмірдің озуы – трагедия. Шетелде қайғылы жағдай болса, біздікілер лезде әрекет етеді. Түркиядағы, Ресейдегі, Еуропадағы қайғылы жағдайларды алалық.

Міне, енді бізде – Шахтинскіде бауырларымыз бен қарындастарымыз ай аман, күн тынышта көз жұмды. Бір іркіліс… Қоғам ғана емес, билік те бір ишарат жасамады. Егер шетелде осылай болсыншы, көңіл айтып, жеделхаттар жолдап, тіпті гуманитарлық миссияны да аттандырып жіберуге бар. Ал өздеріне келгенде “қалдық принципіне” көше қалады, қазақша айтқанда:”Өлсең өмірем қал!”.

Бізде біртұтастық пен жан ашу деген жоқ. Ау, ағайын, ең құрымағанда, зардап шеккендерге жылу жинап, жылы киімді Қарағандыға жеткізуге ат салысайық… Мен дайынмын!”

Еске сала кетелік, 1-қаңтар күні түнде Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан ауылында бесқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам мерт болды. Опырылған бөлікте 30-дай адам болған. Қазір апат орнында ізөдеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұл қайғылы оқиғаға саясаткерлер әлі көңіл айту жарияламады. Әзірге, тек Астана әкімі Әсет Исекешев Фейсбуктегі жеке парақшасында жазба қалдырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз