Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ломтадзе кезекті рет Қазақстандағы ең үздік басшы атанды

М. Ломтадзе

Михаил Ломтадзе осыған байланысты пікір білдірді:

– Баршаңызға жұмысымызды оң бағалағандарыңыз үшін және зерттеуді ұйымдастырғаны PwC компаниясына алғыс білдіремін. Бұл инновациялық сервистер құрып жатқан, осылайша сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартып жатқан ғажайып командамыздың тағы бір мойындалуы. Өткен жылы біз Kaspi.kz-тің IPO-сын сәтті жүргіздік. Қазақстанды әлемдік инновациялар картасына енгізіп, еліміздің халықаралық инвесторлар үшін тартымдылығын едәуір арттырдық. Біз өз тарапымыздан сүйікті клиенттерімізді әлемдік деңгейдегі жаңа инновациялық қызметтермен таң қалдыруды жалғастыра бермек ниеттеміз.

Сауалнамаға экономиканың әртүрлі саласындағы қазақстандық ірі компанияның 71 CEO-сы қатысты. Респонденттер Kaspi.kz-тің IPO-ға сәтті шыққанын, команданың кәсібилігін, компанияның технологиялылығы және басшысының стратегиялық болжау жасау шеберлігін атап өтті.

PwC бұл зерттеуді бүкіл әлем бойынша 24 жылдан бері және соңғы 9 жылдан бері Қазақстанда жүргізіп келеді. Сауалнаманың негізгі мақсаты – жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы басшылардың пікірін бағалау, тәуекел факторлары мен бизнесті дамыту мүмкіндіктері туралы білу.

Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтынан танысуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз