Лисаковск қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері алдында жоғалып, өлі күйінде табылған 32 жастағы Надежда Потапованың өліміне күдікті 24 жастағы адамды ұстады.
Бұл туралы Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Alau.kz хабарлады.
Еске сала кетелік, қайтыс болған әйел кәсіпкерлікпен айналысқан екен, сондай-ақ ол интернатта мұғалім болып қызмет еткен. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бүгін екі баланың анасы — Потапованың қаза болғаны жайлы осыған дейін оны іздестіру жұмыстарына белсенді қатысқан Дарья Скворцова есімді қыз әлеуметтік желісінде жазды.