Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Үлгергендер қуанып, қамсыздар сан соқты: Мүлік пен ақшаны жария ету акциясы аяқталды

210

Шара аясында қазақстандықтардың әлемдегі 28 мемлекетте орналасқан мүлкі де заңдастырылды. Бұл тізімде Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Испания, Таиланд және Америка Құрама Штаттары да бар. Онда отандастырымыз жария еткен мүліктердің орташа құны 100 миллион теңгеге тең.

Ерлан Сағынаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы:

– Жыл басында қазақстандықтар бар болғаны 9 мемлекетте орналасқан мүлкін заңдастыра алды. Қазір олардың қатары 19 елмен толыққан. Әсіресе, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Ресей, Өзбекстанда заңды айналымға енген мүліктер көп болды.

Статистикалық деректерге сенсек, 2 жылға жалғасқан науқанның былтырғы белсенділігі басым болған. Бұған рақымшылық заңына енгізілген біршама өзгеріс игі ықпал еткендігі анық. Бір ғана мысал. Өткен жылы науқанға қатысуға өтініш білдірген қазақстандықтың есімі еш жерде жарияланбай, құпиялықтың сақталуына толық кепілдік берілетін болды.

Нұрлан Намысов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:

– Мүліктерін жария еткен жағдайда оның бірі банктік және салықтық құпия болып есептеледі. Әкімдіктер жанындағы комиссия болсын, мемлекеттік кірістер қызметкерлері, банктердің қызметкерлері үшінші тұлғаларға осы мүлікті жария еткені жайлы жариялап жіберетін болса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды. Және мүлкін жария еткен жағдайда тәркіленбейді.

Жария ету шарасы арқылы ел азаматтарының 2 триллион теңгеден астам қаржысы мен мүлкін заңдастыру көзделген еді. Дегенмен жоспар асыра орындалып, көрсеткіш екі есеге артты.

Енді ел аумағында немесе шет мемлекеттерде мүлкін немесе каржылық капиталын жасырған қазақстандықтар табылса, сот алдында жауап береді. Екі жылға жалғасқан жария ету шарасының нақты қорытындылары алдағы күндері белгілі болады. Бір анығы көлеңкеде қалған мүлкі пен қаржысын заңдастырған ел азаматтары республикалық қазынаны ұлғайтады. Қазірдің өзінде бюджет бүйірі 11 миллиард теңгеге толығып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз