Airbus компаниясы әлемдегі ең жылдам ұшатын тікұшаққа патент алды. Әуе кемесінде негізгі тікұшаққа тән ебелекке қосымша артқа қарай бағытталған екі пропеллер қарастырылды.
Қосымша пропеллерді 2 270 аттың күші бар Rolls Royce Turbomeca RTM322 қозғалтқышы айналдырады.
Қазіргі кезде әлемдегі ең жылдам тікұшақтар – Boeing CH-47 Chinook (сағатына 315 шақырымға дейін) және Ми-24 (сағатына 370 шақырым). Eurocopter X3 2013 жылы сағатына 487 шақырымға дейінгі жылдамдыққа жете алды.