Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Латын әліпбиіне ең алдымен мұғалімдер көшеді екен

Жаңа әліпбиді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Ерден Қажыбектің айтуынша, жаңа алфавит нұсқасы қоғамда қызу пікірталас тудырғандықтан, төл дыбыстарды таңбалау тәсілі өзгерген. Осыны ескерген Президент те ел үшін аса маңызды міндетті жан-жақты зерделеп қана жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры:

– Қосар дыбыстар бойынша, шынында, жұртшылық тарапынан көп сұрақтар туындағаны рас. Сондықтан елге бір жеңілдеу жолмен төл дыбыстарды таңбаласақ, деген ұсыныс ұсынылып отыр. Бұл дәйекше түріне А.Байтұрсынов та ерекше назар аударған. Елбасы айтқандай, біз қазір талқылап жатырмыз, әлі де талқыланады.

Білім және ғылым министрлігі де әліпбидің нақты нұсқасы қабылданған соң ғана оны енгізу жұмыстары кешенді түрде жүргізілетінін хабарлады.

«Ол үшін мұғалімдер де арнайы курстан өткізілуі мүмкін»,

– дейді жауапты сала басшысы.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Енгізу кестесін депутаттармен ақылдасып, халықпен ақылдасып барып, Елбасыға көрсету керек. Әрі қарай, бәрі бір келісімге келсе, латын графикасы арқылы жұмыстарды жалғастырамыз. Ең алдымен, мұғалімдерді дайындаймыз. Мұғалімдер жеткілікті болғанда, жұмыстарды бастаймыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз