Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Латын әліпбиін енгізуді ұзаққа созбау керек

“Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Бұрынғы КСРО ауқымында, ТМД деп аталатын біз – кириллица, қытайдағы қандастарымыз – төте жазу, батыс елдеріндегі бауырларымыз латын әрпін қолданады. Сонда, сөйлескенде тіліміз бір болғанымен, оқығанда тіліміз үш түрлі. Бір-бірімізді түсіне алмаймыз. Жазуын ұқпаймыз. Бұл бір жағынан, жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтың кейінгі ұрпағын бір-бірінен алыстады. Екінші жағынан, ғылым мен техникаға, интернетке үйренетін жағдайымыз бар. Олардың латын әрпімен жүретінін білесіздер”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көп ұзамай бұл олқылықтар жойылатындығын, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі бірлігімізді нығайтып, рухани жақындастыра түсетіндігін баса айтты.

“Мен өзімнің Жолдауымда бұл мәселеде «2025 жылға дейін» деп меже қойған болатынмын. Бірақ та оны соза берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Біздің ғалымдарымыз тиісті әріптің бізге керек үлгілерін түрік және басқа латын әрпіне көшкен Әзербайжан, Өзбекстан үлгілеріне қарап отырып, кемшіліктерін ескере отырып, бізге керекті әліппені таңдап алуы керек. Меніңше, қиындығы жоқ. Себебі, 1 сыныптан бастап барлық балаларымыз ағылшын тілінде оқиды. Барлық мектептерде ағылшын тілі оқытылады. Оларда латын әрпі қолданылады. Өсіп келе жатқан ұрпаққа оның ешқандай қиындығы жоқ. Бізге де онша қиыншылығы жоқ деп ойлаймын. Кейбір ағайындардың біздің шығармаларымыз не болады деп қынжылатыны бар. Қазіргі интернет заманында ешқандай проблема жоқ”, – деді Қазақстан Президенті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз