Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы беташар салтын материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, ұйым комитеті мұндай шешімді Парагвай астанасы Асунсьонда өткен арнайы жиында қабылдаған.
«Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді», – деп жазды Ерлан Қарин.