Танымал қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов үйлену үшін орамал тағатын қыздарды іздеп жүр. Бұл туралы оның өзі кәсіби боксшы Айдос Ербосынұлыға берген сұхбатында жеке өмірі жайлы айтып берді.
«Мен темекі тартатын, арақ ішетін қыздарды көп көрдім. Бұлай темекі тартып, арақ ішіп, ашық-шашық киінетін, анда-мында жүретін қыздар қайтіп ана болады? Мен қазір орамалдағы қыздарды іздеп жүрмін. Мен тәрбие көрген, әке-шешесі қатты ұстаған қыздарды қарап жүрмін. Сондай қызға үйленгім келеді. Мен барлық «ластықты» көргеннен кейін, оны көрсем құсқым келеді. Мен ондай адамды үйге алып келе алмаймын. Мен өзім дұрыс емес, жынды болсам да, әйелім дұрыс болсын. Бала анасының тәрбиесін көріп өседі. Егер мен үйленсем, қызға шын жүрегіммен үйленемін және баламды бақытты етуге бар күшімді саламын», – деді спортшы.