“Атырау” клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев аты аңызға айналған бразилиялық Роналдиньомен кездесті.
Қазіргі уақытта Қонысбаев Римде ойын кезінде алған ауыр жарақатын емдетіп жатыр, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске сала кетелік, 7-мауымда Қазақстан құрамасының Қытаймен жолдастық кездесуде (1:0) бірінші таймда футболшының аяғы сынған болатын. Ол стадионнан тікелей Далян ауруханасына жеткізіліп, ота жасалған еді.
“Әлем футболының аңызымен кешкі ас ішіп жатырмын”, – деп жазды атақты футболшымен түскен суретін салған Қонысбаев Instagram желісінде.
36 жастағы Роналдиньо ПСЖ, “Барселона”, “Милан” командаларында ойнаған. 2002 жылы Бразилия құрамасының сапында әлем чемпионатын жеңіп алды. 2004-2005 жылдары ол ФИФА тұжырымы бойынша әлемнің үздік ойыншысы болды, ал 2005 жылы France Footbal журналынан “Алтын доп” иеленді. “Барселонаның” құрамында Роналдиньо Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатын жеңіп алған.
2015 жылдың қыркүйегінде Роналдиньо “Флуминенсе” командасынан кетіп, қазіргі уақытқа дейін бос агент. Осы жазда ол Үндістанда футзалдан коммерциялық чемпионатқа қатысқан еді.