Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

“Ұл тумадың”. Шымкент тұрғыны 6 қыз тапқан әйелін соққыға жығып үйінен қуып жіберді (видео)

135

Бір бөлмелі ғана аядай үй балабақшаға көбірек ұқсайды. Шиеттей 12 бала осында тамақтанады, ойнайды, ұйықтайды. 6 қыз туғаны үшін жазықты болып, күйеуінен өлердей таяқ жеген Әлия Қайназарова осының өзіне риза. Соңғы мәрте 5 күн бұрын жары соққыға жыққан оны перзентханада танысқан келіншек үйіне кіргізіпті.

«Басымнан ұрды. Қыздарымның көзінше тепкіледі.  Ұлдана қызым «папа ұрмашы» деп аяғына жалынды. Балалардың бәрі жылап бұрыш-бұрышқа тығылды. Қорқып қалған қазір», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Қайназарова.

Қыз туғаны үшін таяққа жыққан күйеуі ақыры далаға қуып шыққан. Әлия енді амалсыз, таныс әйеліне қоңырау шалып, балаларымен өзі үстіндегі бір сыпыра киімімен осы үйде жүр. Соңғы мәрте Құрбан айтта ет жеген 6 балалы екі әйел біздің көзімізше ас дайындады. Онысы не еті, не картоп,сәбіз түгілі дәмдеуіші жоқ құр макарон. 30 жастағы келіншек күйеуімен қосылғалы пәтер жалдап тұрып келген екен. Пәтер қожайыны ақша төлемедіңдер деп, балалардың құжаты мен киімдерін алып қалыпты. Мектеп жасындағы екі қызы бір аптадан бері сабаққа бармай жүр. Полицейлерге хабар берсе, олар да бас бұрмапты.

«Бөлек пәтерге шығып, қыздарымды  бақшаға жайғастырып, оқуын оқытсам деймін. Сосын жұмыс істесем деп жатырмын», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны  Әлия Қайназарова.

Ал, Әлияны қыздарымен үйіне кіргізген Ханымкүл екеуі 8 ай бұрын перзентханада танысқан екен. Телефонмен сөйлесіп тұратын құрбымның жағдайын естіп, бірден алып келдім дейді. Өзі жетімдер үйінде өскен 6 баласы бар жесір әйел Әлияға мемлекет көмектеспесе де үйден қумаймын дейді.

«Алланың берген сыйы. Періште ол. Бала-шағаммен қалғам мен де 3 жыл бұрын. Сол кезде маған баспана берген үкімет. Сол сияқты бола ма деген үмітте болып отырмын. Біреу қол ұшын берер. Қумаймын, бұл адамгершілікке жатпайды», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ханымкүл Бейсебаева.

Әлия Қайназарова биліктен тек өзгенің қолында қалған құжатты алып беріп, үйдің кезегіне қояды ма деп үміттенеді. Күйеуімен ажырасуға жүрексінетін келіншек құзырлы орындар теледидардан көріп қол ұшын бермесе, жәй арызға полиция пысқырмайды,- дейді.

580f8918a99c9snimok-yekrana-68

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз