Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Серік сондай еркек еді…». Қатыны үйде күтіп отыр, өзі – “бабник”

2476

Апыр-ау, басқа бір жаққа кіріп кеткен жоқпын ба, деп айналама қараймын. Жоқ, өзім жұмыс істейтін мекеме, өзімнің жұмыс бөлмемнің алдында тұрмын. Әйелдің мекер дауысы үдеп барады. Ішке не кірерімді, не теріс бұрылып кетерімді білмей, есіктің тұтқасын ұстап дел-сал болып тұрмын.

Есіме қызметттес жігіттердің Секеңнің көзі қызға түспесін, көзі түскен ұрғашынының басын айналдырып алады дегені түсті. Серікті әлі жетік білмеймін. Өйткені бұл мекемеге жұмысқа орналасқаныма небәрі төрт-ақ күн болды. Серікпен бір бөлмеде отырғаныма да төрт күн. Ол – ұзын бойлы, аққұба, көрікті жігіт. Әзіл-қалжыңға да тәуір. Бойында адамды еріксіз өзіне баурап алатын бір қасиет бар, әйтеуір. Секең жайлы әлгіндей әңгіме айтылғанда, осы мекемеде жұмыс істейтін төрт-бес келіншек әлденеден ұялғансып, төмен қарап қызарақтап қалады.

Ыңырсыған қыздың дауысы таныс секілді көрінді. Әлгі бастықтың алдында отыратын ақ сазандай сұлу келіншек болды ғой бұл.

Рас, мекеме бастығының алдында қып-қысқа юбка киіп, әппақ санын жалтыратып, бөксесін есік жаққа кезек лақтырып, сыртқа тепкен омырауын ашып жүретін сұлу келіншек Назым отыратын. Оны-мұны сұраған болып күніне жұмыс бөлмемізге он рет кіреді. Қанша келсе де, тек Серікпен анайы тақырыпқа бір әзіл қағыстырып қалады. Сосын тұнып тұрған көздерімен Серікке ішіп-жей қарайтынын қайтерсің. Мұнда тағы бір адам жұмыс істеп отыр-ау, ұят болады-ау деген ой болсашы. Сол Назым болды ғой. Жұмыс үстелінің үстінде тыр жалаңаш айызы қанып жатыр-ау деп ойлауым мұң екен, өне-бойым бір түрлі болып кетті. Көз алдыма әппақ сандарын екі жаққа керіп, Серіктің астында үздігіп жатқан Назым елестеді. Кенет арт жағымнан тықыр естілді. Ыңғайсызданып жалт қарағанмын. Бұрыла басып, сырттан ішке енді еніп келе жатқан Назымды көрдім. Іштегі ұрғашы басқа болды ғой онда.

Есігіңіз жабылып қалған ба, неғып тұрсыз? – деді мені көрген бойда. Өн-бойыма еш қысылмай ішіп-жей қарады. Апыр-ай, қойныңда күнде жатып жүрген байыңның арманы жоқ шығар деп ойлап үлгерген мен не дерімді білмей састым. Жаныма жақындай берген Назым да бөлмеден ыңырси шыққан дауысты құлағы шалып, тұрып қалды.

Бөлмедегі дауыс үздіге шығады. Іштен шыққан мекер үнге Назым да қосылып, ыңырсып жібергендей болды. Сосын:

Былай кетейік, үстімізге біреу кірсе ұят болар, – деп темекі тартатын бұрышқа қарай беттеді.

Ең құрымағанда кеше ғана жұмысқа тұрған сізден ұялсашы, – деп бір бұрқылдады. Бірақ бөлме жақтан рахаттана шыққан дауысқа елеңдеп, құлақ түре берді. Әлден уақытта барып Назым:

Серік – нағыз еркек, – деп қойып қалды. – Еркек болғанда айдаһар, еркектердің айдаһары. Алматыдағы небір әдемі қыз-келіншектерді жетелеп әкеліп, осы бөлмеде айызын қандырған шығар. Сіз оны білмейсіз ғой, мұндайдың әлі талай көкесін көресіз. Серікпен бір жатқан әйел онымен қайта-қайта жата бергісі келеді. Бойында ұрғашы біткенді өзіне тартатын бір қасиет бар.

Әлден уақытта әлгілер «жұмысын» бітірді ме, тып-тыныш бола қалды. Сәлден соң бөлменің есігі ашылып, сыртқа беттеді. Назым екеуміз темекі тартатын бұрышта көк түтінді будақтатып тұрғанбыз. Назымнан да өткен сұлу келіншек жанымнан керіле басып өте шықты. Әппақ аяғы қандай түзу, бір-бірімен үйкеліп барады. Шыныдай болған төсі қандай шіркіннің. «Жаңа ғана Серіктің астында ыңырсып еді, енді түк болмағандай боп бара жатқанын қарашы, пәтшағардың. Еркек деп мен жаққа көз де салмады-ау. Осындай сылқым сұлумен жатып жүрген Серік, расында да бақытты-ау». Өне бойым бір ысып, бір суыды. Көзін мен жаққа бір қысып, Серік әлгі келіншекті сыртқа шығарып салып кетті.

Әжетханаға кіріп, беті-қолымды шайынып, бөлмеге беттей берген едім, Назымның бөлмесінен: «Сенен тәттісі жоқ», – деп үздіккен Серіктің даусы естілді.

Жіберші, жаңа ғана ана салдақыдан тояттап шықтың ғой, сол жетпеді ме саған, – Назымның даусы бұлдана шығып, үні тұншығып кетті. Бөлмеге қарай өтіп бара жатып, ашық тұрған есіктен ішке көз жүгірттім. Бір қолымен бүре құшақтап, ернінен тұншықтыра сорып, екінші қолымен Назымның көйлегін көтеріп жіберіп, әппақ санын құшырлана сипап тұрған Серікті көрдім. «Мынау расында да тойымсыз айдаһар-ау» – басымды бір шайқап жұмыс бөлмеме беттедім.

Біреулер келіп қалады, ана кісі де (мені айтқаны) осында, ыңғайсыз болар. Өліп бара жатсаң жұмыстан кейін қалсаңшы, – деп алқынған Назымның дауысы құлағыма шалынды…

Көп ұзамай түстеніп қайтқан өзгелер де ішке кіре бастады. Түк болмағандай Серік те өз орнына келіп отырды.

Рақа, ренжіп қалған жоқсыз ба, тапа-тал түсте бір еркектік жасағаныма? – деп ыржиды.

Жоқ, бәріміз де еркекпіз ғой, ондай бола береді, – дедім мен де ыржиып.

Жұмыс уақыты біте: «Секе, бірге қайтпадық па?», деп сыр тарта сөйледім. Өйткені мана секретарша Назыммен екеуі кешке бірге қалуға сөз байласқанын естіп қалып едім.

Жүре беріңіз, Рақа, менің бір жұмыстарым бар еді, – деп ол шыжбалақтап қалды. Ойы белгілі. Мені шығарып салып, Назымды ертіп келіп, тағы бір сексті бастап жібермек қой, пәлекет.

Сыртқа шығып бара жатып ашық тұрған секретаршаның бөлмесіне көз салдым. Назым айнаның алдында боянып тұр екен. Қызғаныштан ішім күйіп кетті. «Қазір мекемеден соңғы адам шыға салысымен, жүгіріп барып есікті іштен іліп қояды. Сосын әйда, Серік екеуі тыр жалаңаш бір-бірін қуып жүріп ах, ух.

Ал бірін байы, екіншісін қатыны үйде күтіп отыр. Ал, бұлар болса тыр жалаңаш секс жасап жатыр».

Осыны ойлап ем, жүрегім қыж-қыж етіп, қайтып барып, оларды тым-тырақай қуалап жібергім келді. Бірақ олай істей алмадым.

https://kaz.365info.kz/men-bayagy-akhsharkhatpyn-zhezokshege-kelip-bala-mahabbatyn-kezdestirgen-zhigit-277707

«Бабник» екен!

Енді білдім, Серік нағыз «бабник» екен. Небір құлын мүсінді сұлу келіншектерді жұмыс соңында жетелеп келіп жүрді. Мен байқұс аузымның суы құрып, бас шайқаумен жүрдім. Бірде бір шарапты бөліп ішіп, оңаша әңгімелесе қалған кезде Назым Серікпен көңілдес екенін айтып қалды:

Серік көрікті жігіт қой, әрі қуатты жігіт. Қуат болғанда белінің мықтылығын айтамын. Қойнына бір кіріп шықсаң, айналып келіп жата бергің келеді. Күйеуімнің көзіне әдейілеп шөп салмап едім. Еркектік дұрыс қасиеті жоқ. Түн баласы болса, шаршадым, біттім деп теріс қарап қор ете түседі. Не қырып жатқан табысы жоқ, қайтейін. Әйел болған соң, жас болған соң, қойныңа жатқан еркектің борбайыңа қол салғанын қалайсың. Иіскеп, еміренсе дейсің. Айызыңды қандыра салмағымен езгілесе дейсің. Бірақ соның бірі жоқ, теріс қарап қор-қор етеді. Сөйтіп жүргенде Серік емеурін білдірді. Қарсы болмадым, құлап түстім. Қазір өзге бір шөпжелкелерді жетелеп келсе, қызғаныштан өліп қала жаздаймын. Амал қанша, қой деп қалай айтам. Күйеуім емес, бар-жоғы ашынам ғана».

Бір күні кешкілік жұмыста бір затымды тастап кетіп, кері оралдым. Өз кілтіммен ішке кіріп, бөлмеме беттедім. Әлгінде жауып кеткен бөлменің есігі жартылай ашық қалыпты. Іштен тән рахатына батып ыңқылдаған әйелдің даусы шығады.

«Секең тағы кіммен жатыр екен» деп есіктен баспалап қарадым. Дәл өзім жұмыс істейтін столдың үстінде тыр жалаңаш «жұмыс істеп жатқан» екеуге көзім түсті. Бұл жолы Секеңнің құшағында орыс қатын екен. Қатынның өңі таныс секілді. Кім болды деп ойлай беріп ем, бастықтың жүргізушісі Виктордың әйелі екені есіме сап ете түсті. Бірер рет күйеуіне еріп жұмысқа келгені бар. «Мына қатынның бөксесі қандай керемет», деп өткенде Серік қызыққан еді. Ақыры ретін тауып тоңқайтқан екен ғой. Бастық пен жүргізуші бір-екі күнге қаланың сыртына іссапармен кеткенін білемін. Серік осы сәтті пайдаланған екен ғой, аузының қандай салымы бар жігіт. Ойымды: «Еще глубже, еще, еще» – деп ыңқылдаған орыс қатынның дауысы бөліп жіберді. Тыр жалаңаш айқасқан екеуге тағы бір рет көз салып, теріс бұрылып кеттім.

Ертеңінде жұмыстан шығуға арыз бердім. Өйткені Серіктей «бабник» жігітпен бірге жұмыс істеу, бір бөлмеде отыру, әрі бүкіл қыз-қырқын сені көзіне ілмей, әлгінің алдында қоғаша жапырылып жатқанда, мүсәпір тірлік кешу мен үшін ең ауыр азап еді.

Сондықтан ертеңінде онымен қош айтысып, жүре бердім.

https://kaz.365info.kz/tagdyrdyn-talkegi-me-amalsyz-tokhal-bolgan-khyzdyn-syry-277037

Рахым БАЗАРБАЙ

Мақала VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз