Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Күнәсін жусын”. Өзін-өзі өртеген алматылыққа қатысты сот заңсыз шешім шығарған

113

Светлана Тұрғанбаева 5 жыл бұрын үйінен күштеп шығармақ болған сот орындаушылары мен бала-шағасының көзінше өзін-өзі өртеп жіберген. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ана көп ұзамай, ауруханада көз жұмды.

Оның мұндай қадамға баруына маңдай терімен тапқан үйін судья Өмірзақ Серімовтың заңсыз деп танып, сот орындаушы Алмасбек Елтоқовтың қысым көрсетуі түрткі болған, – дейді марқұмның балалары.

«Анамды осындай жағдайға алып келген – Елтоқов. Ол кісі психологиялық қысым көрсетіп, анамның түбіне жетті. Оған судьяның шешімі де себеп. Анам балалары далада қалмасын деп, өзіне қол жұмсады», – дейді марқұмның қызы.

Әйелі көз жұмған соң, араға 4 жыл салып, жұбайы Зейіш Қоржынбай да о дүниелік болды.

Қазір даулы үйде жетім қалған балалары, күйеу балалары мен келіндері, барлығы 16 адам тұрып жатыр. Ал, үйдің заңды иесі әлі белгісіз.

Марқұмның бес баласы әлі күнге дейін тіркеуге тұрмаған.

Өмірзақ Серімов “кәсібіне жарамсыз, қызметіне лайықты емес”, деген тұжырыммен отставкаға жіберілген. Ал, оның заңсыз әрекеттері енді ғана сотқа жетіп отыр.

Соттың алғашқы тыңдалымына экс-судья да, оның адвокаты да келген жоқ. Сондықтан сот кейінге қалдырылды.

Сот отырысына судья Серімовты заңсыз үкім шығарған деп, айыптаған тағы он шақты адам келді.

«Серімов менің ісіме қатысты да заңсыз шешім шығарған. Енді, міне көп жылдан бері алаяқтардан өз баспанамды әрең қорғап отырмын. Сот орындаушылары баспанамды тартып алмақ. Елімізде соттың шешімін бұзу өте қиын», – дейді жәбірленуші Ильшат Кензин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз