Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль “Канело” Альварес (48-1-1, 34 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесіне (WBC) ренжулі екенін мойындады. Айта кетейік, мексикалық боксшы өзі иеленген осы титулын жекпе-жексіз орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) 2016 жылы беріп қойған, – деп хабарлайды Vesti.kz.
“Егер Головкинмен жекпе-жек өткізетін болсам, WBC титулы үшін таласпаймын. Барлық қалған титулы үшін күресемін. Неге? Себебі олардың маған істегені үшін. Олар менің сот ісімен айналысып жатқанымды біле тұра, осындай шарттар қойды”, – деп жазады BoxingScene.com Альварестің сөзін.
Айта кетейік, “Канело” 6 мамырда Хулио Сезар Чавеспен Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекте (50-2-1, 32 КО) тұжырымы бойынша “мерекелік” белбеуі үшін таласудан бас тартты.