Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Күлкіге қалдық-ау”. Өз жерінде өгей болған қазақ киносы

167

Және ол күндері міндетті түрде бүкіл қазақ көрермендері әбден жаттап алған «Қыз Жібек» пен «Менің атым – Қожаны» қояды. Әлгі ойдан орып, қырдан қырып, артынан қуып жете алмаған жүлдені алдынан тосып, құрықтап жүрген кейінгі кездегі «біртуар» кинолар қайда?

Неге көрсетілмейді? Түсініксіз? Осы бір мәселе жөнінде кезінде талантты режиссер Талғат Теменов былай деп еді:

— «Бұл қазақ киносының өз елінде өгей күй кешіп отырғанын көрсетеді. Ресей, Италия, Франция, Жапония елдерінде өз киноларының онкүндігі болмайды, тек фестивальдер ғана ұйымдастырылады.

Бұл – құлаққа түрпідей тиетін, бір жағынан күлкілі жағдай. Қазақтың бар киносының өзі прокатта жоқ деген сөз.

«Шетінен топас…». Талғат Теменов «Тоқал» фильмінің масқарасын шығарды

Мұның себебі – ең алдымен, киностудия басшылары мен прокат мәселесімен айналысатындардың ортақ тіл табыса алмауынан.

Әрбір кинотеатрда қазақ киносы көрсетілетін болса, ондай онкүндіктердің неге керегі бар?

Кинотеатрлардан қазақ киносын міндеттеп көрсетер болса, киноның бағы жанары анық. Кино саласы да аққу, шортан һәм шаянның күйін кешіп отыр. Осы елдің ақшасынан күнелтіп отырған кинотеатрлар сол елдің тілінде кино көрсетуі шартты нәрсе. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру үшін бұрын телеарналарды 50-50 деп міндеттесек, енді кинотеатрлар үшін де осындай жоба жүзеге асуы керек. Бұл сөкет дүние емес.

Ақшарқат Ахметбек

10 минуттық фильм. «Таксист» деген «шымкентски» кино шығыпты (видео)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз