Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Күлікбаевты халық неге асырауы керек?

Тәуелсіз еліміздің тарихында мұндай ауыр жазаға кесіліп, атылғандардың саны 536 адам. Соңғы рет 2003 жылы 12 адам атылған. Моратория қабылданғаннан бері тағы 5 адам өлім жазасына кесілген.

Бізде әйелдер, кәмелетке толмаған балалар мен жасы 63-тен асқан адамдарға өлім жазасы қолданылмайды.

Соңғы жылдары елімізде жиі қайталанған террорлық актілер мен педофилдердің ойранынан кейін халықтың басым бөлігі өлім жазасын қалпына келтіруді сұрағанымен, Үкімет батыстың талабынан аса алмай отыр. Ал, қылмыскерлер әйтеуір бір бостандыққа шығамын-ау деген үмітпен ешбір қылмыстан тайынбайды. Бізден өлім жазасын алып тастауды талап еткен алпауыт елдердің өздері бұзақыларды өлім жазасымен қорқытып тізгіндеп отыр.

Өлім жазасына кесілгендерді бюджеттің ақшасына ұстайды. Оларды күзетуге, ішіп-жеуіне кететін шығын салық ретінде сіз бен біздің қалтамыздан шығып жатыр. Солай, әлгі қанішер Күлікбаевты сіз бен біз асырап отырмыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз