Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа байланысты қоғамда кең резонанс тудырған қылмыстық істің бірі Алтынай Нұрсолтанованың оқиғасы. Ол күйеуінен ауыр соққы алған. Оқиға кезінде оның кәмелетке толмаған балалары үйде болған. Әйелдің бас сүйегі мен бет сүйектері сынғанына қарамастан, ол тірі қалған.
«Немолчи» қорының мәліметінше, Алтынай есін жоғалтып бара жатып, телефонға еңбектеп жетіп, анасын шақырған. Анасы Алматы қаласында, ал Алтынай Астанада тұрған. Телефон арқылы балалардың айқайын естіген анасы жедел жәрдем мен полиция шақырған.
«Немолчи» қорының хабарлауынша, Алтынайдың күйеуі Әсет Аюповқа бастапқыда Қылмыстық кодекстің 106-бабы — «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бойынша айып тағылған. Қор өкілдері бұл істерде неге ҚК-нің 99-бабы — «Адам өлтіру» бабы бірден қолданылмағанын сұрақ ретінде көтеріп отыр
Қор өкілдері Алтынайдың аман қалуы — дер кезінде көмек сұрай алғанының нәтижесі екенін атап өтті.
«Бұл екі жағдай — тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың «отбасылық жанжал» ретінде бағалануы қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді», — делінген қор хабарламасында.
Алтынай ісі бойынша бүгін, 22 желтоқсанда сот үкімі шығуға тиіс.
«Қазір ол (Алтынайдың күйеуі) үш жыл да отырмай, таңертең Көкшетауда еркін жүріп-тұрады да, кешке түнемелеу үшін мекемеге қайта оралады. Оның алған жазасы – осы ғана. Бұл қалай болғаны? Оның себебі мынада: ҚК-нің 106-бабы бойынша саралау сол күйі қалдырылды; Алтынай қаза тапқан жоқ, тірі қалды (тергеу осылай деп есептегендей); Әсет – ер адам, ал Алтынай оны (оның түсінігінше) өзі ашуландырған; заң ерлердің жағында мінсіз жұмыс істейді, ал әйелдер үшін – жұмыс істемейді», – дейді қор өкілдері.