Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Күйеуіне білдірмей…”. Қарағандыда сұмдық жағдай болды (видео)

https://kaz.365info.kz/zhabysyp-bale-boldy-ogyz-dogan-ozinin-nege-zhyrgish-bop-shykhkhanyn-ajtty-315817

30 жастағы Мөлдір Тапина өткен жұмада өзіне қол салды. Марқұмды мәңгілік мекеніне жіберген туыстары бәленің барлығы поштадан келді деп отыр.

Себебі онда жақында 2 миллион теңгеден астам қаражаттың ізім-ғайым жоғалғаны анықталған.

Күдікке бөлімшеде бас-аяғы 2 ай ғана жұмыс істеген жалғыз кассир, осы Мөлдір ілінген. Келген комиссия мүшелері көрмедім дегеніне қарамай қыспаққа алған дейді жақындары. 

-Туыстары марқұмды адамның ала жібін аттамайтын, жаны нәзік және өте тұйық болатын дейді.

Ал соңғы жағдай тіпті оның жанын кесікілегенге ұқсайды. Сондықтан таңертеңгілікте ұйықтап жатқан күйеуіне білдірмей көрші бөлмеге өтіп, мына киімілгішке асылып қалған.

Айнаш Манабаева, марқұмның анасы

-Өзінің анемиясы бар еді. Мына қызым құлап қалған екен ғой деп, көтеріп қалсам киімілгіште жіпте ілініп тұр. Құлыным сол. Ешкім жоқ, айғай салып сол бетіммен далаға жүгірдім.

Табиғатынан сырын ешкімге айтпайтын Мөлдірдің кейінгі кезде қатты күйзеліп кеткенін жары да байқаған.

Денсаулығына байланысты демалыста жүрген оны қайта-қайта жұмысқа шақыруынан күдіктенген ол бірде артынан іздеп барыпты.  

Аслан Тұрсынов, марқұмның күйеуі:

– Мөлдір айта алмайды, дір-дір етіп тұр. 900 мың теңге  жетпеген. Соған Мөлдірге төлейсің деп айтқан. Күйеуіңді де жұмыстан шығарамыз деп айтқан бастығы. Ертең соттап жебереміз деген. Бүгін салмасаңдар жұмыстан күйеуіңді шығарамыз депті.

Ал пошта басшылары ақшаны Мөлдірдің алғанына шүбә жоқ дейді.

Мұнысын банкоматқа ақша толтыру кезінде іске асырған көрінеді. Банкоматтан алынған ескі кассеталарда қалып қойған 2 миллион теңгеден аса қаражатты алып, олардың ішінде ақша болмағанын айтыпты.

https://kaz.365info.kz/symdykh-eken-singer-zhenimpazy-dzhessidin-ozi-dimashty-korgende-auzyn-ashty-video-315862

Мұндай жағдай жиі болатындықтан басшылық  мән бермеген. Алайда қомақты соманың жоғын арнайы бағдарлама әшкерелепті.

Алғашында көрмедім білмедім деген кассир ақыры  2 миллион 1 жүз мың теңгенің 1 миллион 200 мың теңгесін үйінен әкелген.

   Нәзира Тіленшина, «Қазпошта» АҚ Қарқаралы аудандық бөлімшесінің бас есепшісі:

– Түнгі бірде кассирді үйінен шақыртып, кассаны ашып, жаңағы әкелген жарты ақшасын салдық. Комиссияның көзінше, жазған қолхаты бар.  Біраз сомасын ұстап қойыпты, өзі мойындады. 

Дегенмен, марқұмның туыстарының арызы бойынша полиция адамды өзіне қол жұмсауға итермеледі деген баппен іс қозғаған. Ақ-қараны солар анықтауы тиіс. Жалпы, бұл Қарқаралыдағы бөлімшеге қатысты алғашқы дау емес.

Былтыр осы жерден 14 миллион теңге қолды болып, былыққа қатысы бар деген күдікпен бөлімшенің бұрынғы басшысы мен бас кассирі шатылып жатыр.

https://kaz.365info.kz/shymkenttegi-san-aptalygynda-toleshovtyn-tokhaly-da-oz-kiim-ylgilerin-korsetti-314627

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз