Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Күйеуін өлтірген көп балалы ана сотталып кетті (видео)

Іс материалында, оқиға жаңа жыл кешінде Арыс қаласында орын алғаны көрсетілген. Дәл сол күні ерлі-зайыптылардың үйіне қонақ келеді. Олар тараған тұста дау туындап, ішімдік ішіп алған күйеуі әйеліне күш көрсетпекке талпынған. Бұған шыдамаған келіншек ас үй пышағын күйеуінің жүрегіне сұғып алады. Ер азамат жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

«Әлима Үсенованы ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлімі бойынша айыпты деп танып, оған  8 жыл мерзімге жалпы режимді колонияда жазасын өтеу туралы үкім шығарылды», – деді қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданарылық сот Самидин Теміралиев.

Әлима Үсенованың соңында 5 баласы қалды. Олардың ең үлкенінің жасы сегізде. Қазір құзырлы орган өкілдері балалардың қайда баратындығын нақтылау үстінде. Олар туыстарының бақылауына тапсырылады немесе балалар үйіне қоныстандырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз