Күйеуімен отасқанына 20 жыл болған келіншек күйеуі көзіне шөп салғанын айтып, мұңын шақты.
Ол жақында ғана бәрін байқап жүрген балаларының көмегімен шындықтың беті ашылғанын айтады.
«Сүмелек…». Көкшетаулық бойжеткен ақшаға «жүретін» жігіті туралы айтып берді
Ең сорақасы, күйеуінің құшағына кіріп жүргендер үйге келіп, бірге шай ішіп жүрген келіншектер екен. Олардың арасында, тіпті, жаңа жылды бірге қарсы алып жүрген көршісі, сериалдарды қосыла тамашалаған құрбылары да бар көрінеді.
Ал бұл туралы естігенде күйеуінің де беті бүлк етпепті. Керісінше, төсекте бірге болған серіктерін атап, тізіп те шыққан екен.
Олардың көбі ауылдағы “кәрі қыздар” мен отбасылы келіншектер болып шығыпты. Алайда күйеуі бұл ісінен ешқандай кінәрат байқамаған екен.
«Мынау масқара ғой!». Айгүл Иманбаева шенділердің тоқалдарын көзге шұқып көрсетті
“Бірақ менің еш кінәм жоқ. Мен оларға тек сұрағандарын бердім. Тойымсыз нәпсілерін қанағаттандырдым”, – деп ақталған опасыздық жасаған жұбайы.
Қазір әйел не істерін білмей жүргенін, ажырасайын десе балаларының болашағын ойлайтынын айтады. Ол енді мектепте сабақ беруге де ұялатынын жеткізген.