Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Күйеуімдікі тым кішкентай!» — мұндай да болады екен

3172

Міне, онымен тұрмыс құрғалы 1 жылға жақындапты. Алғашында, тіпті, алғашқы түні де Асланмен төсекте болғанда ешқандай ауырсыну болған жоқ еді. Ештеңе сезбедім.

Күйеуімнің жыныс мүшесі тым жіңішке, әрі қып-қысқа екенін байқағам. Бірақ, оған сыр бермедім.

Бар ойым — бұған дейін ешқашан еркекпен қосылмаған менде қыздық белгінің болмағаны. Аслан не ойлайды? Қалай сендіремін? Ертеңінде де, одан кейін де ешқандай ауырсыну болмады, әсте бір сондай болуы керек сияқты. Және жыныстық қатынас кезінде ешнәрсе сезілмейтін. Ал күйеуім тәп-тәуір ләззәт алып, керемет күй кешетін.

Бірер күннен соң, Аслан “бұрын жігітпен жатқаныңды неге айтпадың, түсінетін едім ғой, деп ренжіді.

“Ешкіммен болғаным жоқ” десем, “онда неге пәктігіңнің белгісі болған жоқ, шыныңды айт, ренжімеймін”, деп қоймады.

Ақыры, сендірген болдым, бірақ арамызда бір сызат қалды.

Әлі қыз екенмін!

Енем де бала көтермедің, қанша ай болды, дәрігерге қаралсаңшы деген соң, гинекологқа барған едім. Ұялсам да барлығын айттым, алғашқы түннен бастап қазіргі кездегі қатынасқа дейін сұрап алайын дедім, еркектің жыныс мүшелері туралы білгім келді.

Дәрігер тексеріп, қарағаннан кейін менің әлі қыз екенімді айтты.

Шынымды айтсам, қатты таң қалдым.

“Ондай болады. Бойың ұзын болғандықтан қыздық перде де тереңірек орналасқан”, деді.

Сонда күйеуімнің жыныс мүшесі қысқа болғандықтан перде сақталып қалып жүрген. Қаласам, ем-дом бөлмесінде пердені алдыруға болатынын ұсынды. Дәрігер болашақта құрсақ көтере алатынымды айтты.

Енді мұны Асланға айтайын десем, ұяламын.

Жыныс мүшесінің пішініне байланысты қуыстанғанын, ыңғайсызданғанын қаламаймын.

Бірақ, төсекте мен онымен мүлдем қанағаттана алмаймын. Мүшесін, тіптен, сезбеймін. Төсек ләззәті дегеннің не екенін білмеймін де.

Не істесем болады? Ажырасуым керек пе? Әлде өмір бойы осылай қиналып, өтірік “бәрі жақсы”, деп өтейін бе?

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз