Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«Күйеуімді де, Ерланды да сүйемін» – әбден шатасқан әйелдің оқиғасы

287

Ерланмен кездескелі бері жадырап, жүзіме күлкі үйіріліп, бейне бір керемет сезімде, ұшып жүргендей сезімдемін. Қыз бен жігіт болып жаңа танысып, жүріп жүрген  кездегі балғын сезімдер қайтадан оянып, бақыттан басымның айналып жүргенін кімге айтарымды білмедім. Ерланмен кездескенде ғана өзімді нағыз әйел ретінде сезіне аламын.

Осылайша үш айдан кейін аяғым ауыр екенін білдім…

Қуанарымды, не жыларымды білмедім, бірақ қуаныш басып кетті… Негізі күйеуіммен арада бір қызымыз бар. Екінші құрсақты да босанатын болып шештім. Сөйтіп, ұл туып алдым. Бірақ, баламның кімнен екенін нақты білмеймін. Кейде өз-өзімнен жиіркенемін, бірақ баламды көріп, жиіркенішім басылады…

Күйеуім мұның бәрінен бейхабар, әрине. Оның көзіне қарасам, кейде қуыстанамын. Жүктілік кезінде, босанғасын Ерланмен қарым-қатынасты үзуге тура келді. Бірақ, оны жадымнан шығарған емеспін. Балам алты айға толғанда өмірімде Ерлан қайтадан пайда болды. Өзімнің ішкі сезімдерімді өзім түсінбей әлекпін.

Мен күйеуімді де сүйемін, Ерланды да сүйемін. Екеуінсіз де өмір сүре алмаймын. Ерланмен болған сәтте күйеуімді ойлаймын, күйеуіммен болған кезде Ерлан ойымнан шықпайды. Әрине, күйеуім төсекте Ерлан тәрізді емес, дегенмен өзімді сыйлайды, жақсы көреді.

Мені жазғыратын шығарсыздар, енді біреулеріңіз ұрысатын шығарсыздар… Менің жасаған әрекетім қате екенін білемін. Бірақ жүрегімнің қалауынан аса алмадым…

Әбден шатастым. Кеңес беріңіздерші!

Аяжан Төрехан

Мақала Вк-дағы “Атамның басы-ай”  тобында талқыланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз