Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Күйеуім маған интим ұстаз жалдапты…”. Әрең күйеуге тиген кәрі қыз көз жасын көл қылды

620

– Айтсаңшы, сен үшін тырысып жүрмін ғой, бәрін істеймін, маған неге көңілін толмайды?

– Сонда мен үшін не істеп жүрсің?

– Асыңды дайындаймын, үй тазалаймын, кіріңді жуамын, киімің үтіктеулі. Әйелдің барлық міндетін атқарып жатырмын ғой…

– Маған ас әзірлегенін керек жоқ, сырттан-ақ тамақтанамыз. Кір жуатын, жалпы не жууылуы керек техниканың бәрі бар ғой. Үйді тазаламай-ақ қой, аптасына бір адамды шақыртып тазалатып аламыз…

– Ойбай-ау, сонда мен не істеймін? Әлде жұмысқа шығайын ба?

– Жоқ…

– Енді айтсаңшы жөніңді…

– Менімен бірге тұрғың келе ме өзі?

– Иә…

– Онда менің айтқанымды істейсің. Осы жасқа келгенге дейін төсек қатынасына түк ебіңнің болмауы маған ұнамады. Сондықтан интим ұстазға барасың…

Аузым ашылып қалыпты.

– Енді оны интернеттен де көріп аламын ғой. Интим ұстазы несі? Сұмдық қой мынау…

Екеуміздің әңгімеміз осымен тынды. Ертеңінде түсте жұмыстағы күйеуім звандайды:

– Қазір екі қыз келеді, лесбилер ғой, олар әйел адамның сезімтал жерлерін жақсы біледі, нүктелерді оятады, үйге кіргіз, ақшасын төлеп қойғам.

Бірдеңе дейін десем бірнәрсені тағы бүлдіріп алам ба дедім де үнсіз келістім әлгіге. Көп ұзамады. Есіктің қоңырауы соқты. Масқара болғанда рас, күйеуім түк қалжыңдамапты.Кіріп келген екеу басымнан аяғыма дейін шолып шықты да еріндерін сылп еткізді. Менсінбейді әулем мені. Не керек бар ақылдарын айтты алдымен. Олардың сол кеңесіне құлақ түрсем, гардеробымдағы барлық киімді жаңалау керек, соның ішінде іш-киімдерді де.

https://kaz.365info.kz/teksizder-eli-akhsh-ta-millioner-12-zhastagy-ylyna-eki-zhalanash-khyz-syjlady-video-295616

– Мына салпы етек түріңмен алысқа бармайсың. Бай керек пе, жанталас. Киіміңнен бастап төсек қатынасына дейін, – деген әлгілер екінші кезеңге көшті.

Жатын бөлмеге кірдік. Екеулеп мені шешіндіре бастады. Мен бұған төзе алмадым. Шыңғырып, бажылдап екеуін қуып шықтым. Артынан орысқа тигеніне қатты өкіндім. Қазақ жігіті болса мені бүйтіп қорламас еді ғой деп ойладым.

Екі күннен соң мейрамханаға баратын болдық. Достарымен кездеспекші екен. Олар да әйелдерімен келіпті.

Бір досы қырындай береді, тіпті күйеумнің көзінше маған тамсанып қоймайды. Ыза болдым, одан қызғанбаған күйеуіме тіпті ашуландым.

Шыдамай ертеңіне бір құрбыма хабарласып, болған жайды ашумен жайып салдым.

– Өй, оларда ол қалыпты жағдай. Досы деген нормально ғой. Күйеубаласы енесімен, келіні қайынатасымен бола береді деп естігем. Ал достары дикиий пляжқа барып барлығы тыр жалаңаш жүріп, бір-біріне жабысатын көрінеді…

Оны естіген менің төбе шашым тік тұрды.

Бұл айтып отырғаным шеті ғана ғой. Ондай қарама-қайшы нәрсе көп болды бізде. Күйеу мен әйел туралы осыған дейін миыма түйгеннің барлығы күл-талқан болды. Рас, орыстың жігіттері романтик келеді. Әйеліне көп жұмыс істетпейді. Өмірінің көбісі ойын-сауықтан тұрады. Қолымыз қалт етсе қыдырамыз. Ішіс те көп. Басында бұл ұнаған. Бірақ артынан жалығып кетті. Қаңғырғым келмейді деп үйде қалып қоямын. Звандасаң у-шу. Қазір Шымбұлақта жүрсе, бір уақта кинода отырады, тағы звандасаң моншадамыз дейді. Негізі, жақсы демалады. Бірақ маған у-шу ұнамайды. Көп нәрсесі ұнамайды. Көрпеге тығылып, көз жасымды көл қылып жылап алатын кездерім де көп болды. Не керек, бір жылға жеткен жоқ, ақыры екеуміз екі жаққа кеттік. Сол кезде қуанғанымды көрсеңіздер ғой. Арқамнан бір ауыр жүк түскендей болды.

https://kaz.365info.kz/ol-meni-mensinbej-ketti-toregali-siyakhty-bir-anshinin-ajeli-295344

Ал қазір бір қазақ қызы шетелдікке тиіпті десе қараптан қарап қаракөзіме жаным ашиды. Өйткені осыған дейінгі бүкіл үйренген, миына түйген тәрбиесінен, пайымынан бас тартуы тиіс. Бұл өз-өзіне қарсы шығу ғой, бір жағынан. Сөйтіп жүріп, тұрып жатқандар бар ғой бізде. Мен оларға таң қаламын. Бірақ мен өйте алмайды екем. Осылай өз табиғатыма өзім қарсы шыға алмадым.

Білмеймін, бір жағынан, менікі де дұрыс емес шығар.

Қазақ: «Барған жеріне тастай батып, судай сің» деп жатады ғой. Осы жағынан алғанда, сол күйеуді күйеу қып, айтқанының бәрін орындап, интим ұстаздардан сабақ алуым керек пе еді?..

Марал, Алматы қаласы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз