Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Күйеуім гейдің «ұрғашысы» болып шықты…

2350

«Лаура (біз әңгіме етіп отырған көрші пәтердегі жас келіншектің есімі) айтады, бір жылда төсекте небәрі бірнеше рет қана болыпты. Оның өзінде күйеуі дұрыс «жұмыс» істемепті. Ол, ол ма күйеуі үнемі ер адамдардың дене-мүшесін әңгіме қылатын көрінеді. Әсіресе, теледидардан мүсінді еректерді көрсе, аузынан суы ағып қарайды екен».

Әйелімнің айтқандарына онша сенбедім. Бірақ ертеңінде үйге келсем, көрші үйдегі жас келіншек әйеліммен бірге шай ішіп отыр екен. Көзі бұлаудай, жылаған сияқты. Шай үстінде амалсыз оның айтқандарын тыңдауға тура келді.

«Күйеуімнің төсектегі қабілетсіздігін, оның түнде мені іздемейтіндігін басында жасырып келдім. Ақыры, оның жақын достарына бірде сыр қылып айттым. Мені аяды ма, олар бар құпияны ақтарып салды.

Сөйтсем, күйеуім «гей» екен. Олардың өзі «еркек, ұрғашы» болып екіге бөлінеді екен. Ал менің күйеуім солардың «ұрғашысы» болып шықты.

Кей түндері үйден шығып кетіп, таң атқанда бірақ келетін.

«Достарыммен бірге болдым, бильярд, боулинг ойнадым», деп келетін. Еш күдіктенбеуші едім. Сөйтсем, таң атқанша «еркек» гейлерді «суғарып» келеді екен ғой. Ондай адаммен қалай бірге өмір сүремін?

Сотқа арызды өзім бердім. Ажырастым. Тек жас өмірім өксіп кетті, қайтейін. Алматыда гей клубтар бар көрінеді. Гейлер де көп дейді. Соларға тыйым салыну керек қой», – дейді Лаура.

Әйелім де үнсіз. Мен де үнсізбін. Не дейміз? Тек бір жас отбасының талқан болғаны ғана өкінішті.

 

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз