Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Күйеуге шықпас үшін” ауруханаға жатқан

Аурухана дәрігері елшілік қызметкеріне азаматша А.К. клиникаға 29 шілдеде өзін қудалап жүргені туралы “сандырақтап”, психиатрлық симптомдармен түскен. Қыздың өзі соңғы жарты жылда ата-анасы өзін еркінен тыс “танымайтын адамға есеппен күйеуге бермек болып” қысымға алғанын айтқан.

Елшілік қыздың жасы қаншада екенін айтпайды. Статистика бойынша Қырғызстандағы қыздардың 15 пайызы кәмелетке толмай жатып, бір пайызы 15 жасқа дейін күйеуге шығады.

“Өмірлік қиын жағдайға тап болған қыз Қырғызстаннан кетіп, ауруханаға түспек болған” делінген елшіліктің 3 тамызда жариялаған мәлімдемесінде. Елшілік өкілі Қырғызстан азаматымен және дәрігермен сөйлескен. Мәскеудің Симоновский аудандық соты психиатрлық клиникалық аурухананың қызды “еркінен тыс түрде ауруханаға жатқызу туралы” шағымын қанағаттандырудан бас тартқан. Қыз әкесіне табысталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз