Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің мәлімдеуінше, Мәскеу мен Ташкент екі күндік ресми сапар аясында 12 миллиард доллардың келісімдерін бекітті.
“Біз құны 12 миллиард доллар тұратын ірі инвестицялық жобаларды жүзеге асыру келісімдеріне және 3,8 миллиард доллардың сауда келісімдеріне қол қойдық”, – деді Мирзиёев 5 сәуірде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде.
“Ресей Өзбекстаннан бес миллиард текше метрден астам табиға газ сатып алады”, – деді Путин. Ол ресейлік “Газпром” мен “Лукойлдың” Өзбекстанда көмірсутек өндіру жөніндегі ауқымды жобаларын айтып өтті.
Еске салайық, 4 сәуірде Мирзиёев президент ретінде алғаш рет Ресейге ресми сапармен барды.