Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

КСРО кезінде адамдар немен емделді және қалай аман қалды

615

Таңдайтын мүмкіндік болған жоқ, парацетамол, анальгин, қыша қағазы мен зеленкадан басқа ешнәрсе болмағандықтан, халықтық емдеу әдістерін іске қосатын.  Көптеген адамдар кеңестік дәрі-дәрмектермен бірге қолданылатын қолдан жасалған заттар басқа қымбат дәрілерге қарағанда жақсырақ көмектеседі деп есептеді. Одақтағы азаматтар қандай ерекше заттарды қолданды және олар қаншалықты тиімді болды?

Медициналық білімі бар немесе шайдың қалдығының емдік қасиетіне сенетін оқырмандарымызға айта кетейік, біз бұл фактілердің жүз пайыз шынайылығына кепілдік бере алмаймыз….

Банкілер

Қазіргі жастарға банкілер де, олардың әрекет ету принципі де біртүрлі болып көрінуі мүмкін. Өйткені бронхиттерді емдеудің осындай тәсілі пайдаланылмағалы қашан. Банкілерді орнату процесінің өзі мистикалық құпияға ұқсайды, онда міндетті түрде  алкоголь және… өрт  қолданылады.

Банкілердің  ішін спиртпен немесе арақпен сүртеді, содан кейін жанып жатқан мақтаның көмегімен қыздырылып, алдын ала вазелинмен немесе креммен майланған науқастың арқасына орнатылды. Онға жуық банкі ар өз орындарында қойылғанда, азап шегушінің үстін  көрпемен жауып қояды.

Жарты сағат өткеннен кейін банкілерді алып тастайды. Оның орнында қалған іздер барлығының дұрыс жасалғанын және науқастың ауруы жазылатынын білдіреді.

Спирттік компрестер

Бұл процедура үшін мақта немесе дәкені пайдаланады. Оған шылқылдатып арақ немесе самагон жағып,  тамағын орап, түні бойына қалдырған.

Йодпен торлау

Бұл қарапайым әрі шығармашылыққа толы емдеу жолы барлық аурудан ем болды. Жөтелгенде арқаны мен кеудені немесе кез келген зақым алған жерді, тіпті дәрі еккен жерді де  йодпен торлаған. Бір бірімен қиылысқан бірнеше сары сызық аурудың көзіне әсер ете алады деп, бұл әдіске барлығы сенген.

Зелёнка

Зеленканы, ғылыми тілмен айтқанда бриллиантты зеленканы қазірге дейін қолданады. Бірақ бүкіл әлемде емес, тек посткеңестік елдерде ғана. Бұндай әмбебап антисептикалық дәріні әлемдік медициналық қауымдастық пайдасыз деп таныған. Бірақ жарақат алғанда, желкеншек кезінде және т.б. жағдайлардың бәрінде қолданады.

Алоэ

Бұл үй өсімдігінің пайдалы қасиеттері өте көп. Бірақ оны адамның ойына келмейтін жағдайларда қолданып, бір сөзбен айтқанда, табынып кеткендер аз емес. Кейбір аңғал кеңестік азаматтар алоэның сөлі мен жұмсағын онкологиялық ауруларды, диабет пен түрлі жараларды емдеу үшін пайдаланды.

Картоппен ингаляция жасау

Қайнатылған картоппен ингаляция жасамаған адам жоқ шығар. Бірақ неліктен картоптың орнына қызылша немесе басқа бір көкөністі алуға болмайды деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды. Дегенмен, олар суық тиіп ауырғанда дәл осы қыздырылған тамыр жемісті көкөніспен демалсаң жақсы болатынына сенеді.

Марганцовка

Марганцовка, немесе дұрысын айтқанда, перманганат калийін КСРО-дағы кез келген отбасынан тауып алуға болатын. Оны дезинфекция жасау үшін жиі пайдаланады. Марганцовканың бірнеше түйіршегі бір шелек суды күлгін түске бояйды.

Өздеріне-өздері астан уландым деп диагноз қойып алатын адамдардың бәрі марганцовка қосылған суды іштегі, өт жолындағы, ішектегі ауру белгілерін жою үшін қолданатын. Марганцовка ерітіндісін ішсең, асқазан-ішек жолындағы барлық ауру тудыратын микрооорганизмдерді жояды деп сенген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз