Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Көзім көрді. Жезөкшелеріміздің қызығын қытайлар көруде» – таксистің сыры

322

Жарайды бұл басқа әңгіме.

«Алматыда таксовкамен айналысып жап-жақсы ақша табуға болады» деген соң, жаман машинамды жөндеп, мың шақырым жол жүріп келгенмін. Жолда екі бұзылды. Бірақ жеңіл-желпі. Алматыға келе сап қызу жұмысқа кірістім. Басында рас қиналдым. Қай көше, қай жақта екенін білмедім. Клиенттерім ренжиді. Жетілген заман ғой. Әйтеуір смартфоныма «тугис» деген бірдеңені жазып алып, жолды сол бойынша тауып алатын болдым. Жаман емес.

Бірақ шымкентте жүріп естігеніміздей Алматыда «көшеде шашылып» жатқан ақша жоқ екен. Кептелістен кептелісте тұрып, бірдеңе тапқан боласың әйтеуір. Сөйтіп жүргенде менен бұрын осында келіп таксоват етіп жүрген бір таныс жігіт «сен олай жүрме. Бос шығын. Түк таппайсың. Бензиннің бар, тамағының бар, жатар орның бар. Сонда ештеңе қалмайды. Одан ша сен маған еріп жүр. Мен сені «по вызову» жұмыс істейтін қыздардың таксисі қылып орналастырайын. Жаман болмайсың. Қыздарды әр клиентке апарып, қайтып әкелгенің 3-4 мың теңге тұрады. Күніне қыздар бес-алты «вызовқа» шықса, саған тәп-тәуір ақша түседі. Ара-тұра ұнаған жезөкшелермен көңіл көтеріп тұрасың» дегені.

https://kaz.365info.kz/khazakhty-mensinbep-edi-negrge-khyzygyp-opykh-zhegen-khyz-276812

Бұл құлағыма майдай жаға кетті. Басым бос баламын. Расында, күні-түні жол қатып таксоват еткеннен гөрі, қыздарды апарып, алып келіп тұрғаным тиімді ғой. Оның үстіне олардың сұлуын таңдап жүріп демаламын. Келістім. Жұмыс жаман емес. Он-шақты жезөкше қызды тасушы болып орналасып алдым. Қыздар төрт- бестен екі пәтерге бөлініп тұрып жатыр. Олардың үстінен қарайтын бір дөкей «мамасы» бар. Жасы қырықтарға келіп қалған келіншек. Бірақ ол да былқылдап тұр. Сол келіншекке қыздар бағынады. Өйткені оның барлық жерде танысы бар. Бір «чп» бола қалса, «дөкей» сол таныстары арқылы бәрін реттеп, шешіп отырады. Қажет болса, әлгі жас қыздарды солардың қойнына тегін салады. Әбден қалыпқа түскен тірлік секілді. Менің жұмысым, қыздарды демалуға шақырған «клиенттерге» алып бару, алып қайту. Қорғау. Шақырған «клиент» үйінде жалғыз ба, бөтен біреу жоқ па, алдымен кіріп тексеріп шығу да менің міндетім. Өйткені қыздарды алдап шақырып, талпаға тастап, ақшаларын бермей арттарынан бір теуіп қуып шығатын тентек «клиенттерде» көп екен. Солардан мен қыздарды қорғауым керек. Маған ақша қыздардың жұмыс істеуіне байланысты төленеді.

Қыздардың бәрі жас. Он тоғыз бен жиырма бестің арасы. Оқу жоқ, жұмысы жоқ, амалсыз жезөкшелікпен айналысып, күн көріп жүргендер екен.

Ауылдағы әке-шеше, туғандарына қалада жұмыс істеп жатырмын деп алдайды. Көзім көрді.

Айтқандарын құлағыммен естідім. Ара –тұра қыздар кезекпен «отпускіге» шығып тұрады. Сөйтіп бір айым өте шықты. Бірде «дөкей» өрімдей жас, сұлу үш қызды жұмысқа «қабылдады». Оңтүстіктен екен.

Бір күні оларды алғашқы «вызовқа» алып бардым. Клиенттер қытайлар екен. Үшеу көрінеді.

Үш қызды шақырыпты. Жаңадан келген екі қызды және бұрынан істеп әбден кәнігі болып қалған екі қызды салып алып, қытайлар жалдап тұрып жатқан пәтерге алып бардым. Бойлары бір қарыс, көздері сықсиған, тістері ырсиған бірдеңелер екен. Әлгі қытайларға қыздарды қимадым. «Сасық қытайларды қайтесіңдер. Өзіміздің жігіттер болса бір сәрі. Бәлкім, кері қайтармыз» дегенмін. Бұл айтқаныма ана екі қыз да қосыла кетті. Бірақ біраз нәрсені көріп, кәнгіленіп алған үшінші қыз: «біз осы ақша үшін жатып жүр емеспіз бе? Сасығын қайтеміз. Ақша керек. Қытайлар ақша аямайды. Клиент жоғалтамыз. Сен арандатпа. Араласпа. Көлігіңді айда. Саған сөз берген ешкім жоқ. Жүр, қыздар» деп екі қызға жекіп әлгі қытайлардың пәтеріне кіріп кетті. Мен амалсыз көлікте оларды күтіп қалдым.

https://kaz.365info.kz/trapki-bolasyn-khyzdygyn-bergen-khyz-nege-tyrmyskha-shykhkhysy-kelmej-khalganyn-ajtty-296719

Екі-үш сағаттан кейін олар шықты. Әлгі басшы қыз көңілді. «Көрдіңдер ғой. Үш сағатта әр қайсың отыз мың теңге таптыңдар» деп қояды. Жанындағы екі қыздың бірі «құрысын бүйтіп ақша таппай-ақ қойдым. Әкемнен үлкен сасық қытайдың көңілін табамын деп бір емес екі рет құсып жібердім. Қажеті жоқ мұндай жұмыстың кетемін» деп жылап жіберді.

Екінші қыз да әрең шыдап тұр екен.

«Жаман қытайдың астына жатып шықтым. Ауылда үйленеміз деп жүрген жігітімнің бетіне қалай қараймын енді», деп ол тұр.

«Бірінші рет жұмысқа шыққанда мен де солай ойлағанмын. Бірақ жүре келе етің өліп кетеді. Мен бірінші күні негрмен болдым. Содан бір апта жүре алмай қалдым. Оның жанында қытайлар түк емес. Неге сонша қиналасыңдар. Ақша керек пе, көнесің. Керек жоқ па, кет» деп әлгі басшы қыз сыздана сөйледі. Пәтерге жеткенше екі қыз «жұмыстан кетеміз» деп шешті. Келген соң «дөкеймен» сөйлестік. «Кетсеңдер кете беріңдер. Бірақ қайтып келсеңдер «жұмысқа» алмаймын» деп ол сес көрсетті. «Жұмыстан» мен де кеттім. «қарындастарымды алып барып, көрінген еркектің астына салып, күн көрмей-ақ қойдым. Одан ша көшедегі жолаушыларды тасып, адал жұмыс істейін» деп шештім.

«Дөкей» адал екен. Өзімізге тиселі ақшаны бөліп берді. Содан әлгі қыздарды «Сайранға» апарып, Шымқалаға жүретін автобусқа отырғызып жібердім. Өзім баяғы көшедегі таксовкаға көштім. Жаман емес. Болады. Бұйырған нәпақа табылып жатыр.

Бірақ ішімде бір қыжыл кетпейді. Өйткені өзімді «жұмысқа» қабылдаған жерде қанша қазақтың қызы жүр? Арын сатып, тәнін сатып.

Болашақты ойлау оларда жоқ. Азын-аулақ нәпақаға бүкіл жастық шағын, шырынды күндерін арнап, әркімнің қолын сүртіп лақтырып тастар трәпкісіне айналып.

Ертең олардың болашағы қалай болады. Оны ойлау қиынның қиыны.

Дастан, таксист

https://kaz.365info.kz/khazakh-khyzdarynyn-khyzygyn-da-khyzdygyn-da-sheteldikter-korude-284948

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз