Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Көзім ілініп кетті”. Такси жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті

144

Тергеуші: – Көлікке отырардан бұрын қанша сағат ұйықтадыңыз? Анарбек Шыңғыс,

такси жүргізушісі: – Шереметьево әуежайында болғам. Нақты уақыты есімде жоқ.

Шамамен алты болуы керек. Сағат 8-9-ға дейін ұйықтадым.

– Яғни, үш сағат қана ұйықтадыңыз? Сосын 20 сағат артығымен жұмыс істедіңіз бе?

– Иә. Айтып тұрмын ғой, білмей қалдым. тежегішті басуым керек болатын, алдымда адамды өткізіп жіберуім қажет еді. Тежегішті басамын деп, бірер секундта көзім ілініп кетті де, газды басып жіберіппін. Не болғанын білмеймін. Адамдарды қағып кеттім. Соны көріп, қаша жөнелдім.

Ол көшедегі адамдардың қаһарынан қорқып қашқан екен.

– Істеген ісіңізге өкінесіз бе?
– Қатты өкінемін.

Шыңғыстың Мәскеуде жұмыс істеп жүргеніне бір айдай болыпты. Көлік жүргізу тәжірибесі – екі жыл, куәлікті 5 жыл бұрын алыпты. Полиция оған қатысты жол жүру ережесін бұзып, адам денсаулығына зиян келтіргені туралы қылмыстық іс қозғады. Таксиші екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз