Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Ковидпен күресіп жатқан өзбек дәрігерлері уәде етілген ақшаны төлемеді деп шағымдануда — БАҚ-қа шолу

167
Сурет: Delo.ua

Өзбекстанның түрлі аймағында коронавируспен күресетін дәрігерлер уәде етілген төлемдерді ала алмай жүр, деп хабарлайды Озодлик. Қашқадария облысының Нишан ауданындағы ковид-орталығының дәрігерлері мен медбикелері тамыз-қазан айлары үшін «бір тиын ақша төлемегенін» айтты. Наманган облысы Чартак аудандық медициналық бірлестігінің «жедел жәрдем» бөлімінің қызметкерлері де шағымданады. Қарши, Жизақ және Ферған қалаларындағы мамандар да уәде етілген ақшаны күтіп жүр. Қашқадария облысының Нишан ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасының медбикесі дәрігерлерге екі ай бойы ақы төленбегенін айтты.

Сарапшылар: коронавирус миллиондаған адамның өмірін жалмап, әлем экономикасына $9 трлн шығын келтіреді

– Біз күн сайын 12 сағаттан ковид-орталықта жұмыс істедік. Біздің бухгалтер маған екі айлық жұмысыма алатын соманы көрсетті. Менің осы кезеңдегі жалақым 17 миллион сумды құрады (шамамен 1 700 доллар). Біздің қызметкерлер Қашқадария облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен денсаулық сақтау министрлігіне шағымданды. Бірақ ақша әлі берілген жоқ, –  деп наразылығын білдірді.

Нишан ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасының медбикесінің айтуынша,

ковид орталығы вирус жұқтырған науқастармен жұмыс істегені үшін оларға күн сайын 330 мың сум (шамамен 30 доллар) төлеуге уәде берген

— Айына 10 млн сом (шамамен 1 мың доллар)төлейміз уәде берді. Егер бұл соманы 30 күнге бөлсек, күнделікті табыс 330 мың сумды құрады. Осы уақыт ішінде біз коронавирус жшұқтырған науқастармен жұмыс істеп, отбасы мүшелерінің денсаулығына қауіп төндірдік. Бірақ жалақымызды сол күйі ала алмадық. Менің ұлым шетелде жұмыс істейді, ол болмаса отбасым аштан қалар еді, – дейді санитар.

Қаулы тек қағаз жүзінде қалды

Чартақ ауданы медициналық бірлестігінің «жедел жәрдем» бөлімшесіндегі дәрігердің бірі медициналық бірлестік басшылығы жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін материалдық көтермелеу туралы Үкіметтің бірде-бір қаулысын орындамады деп мәлімдеді.

– Басында президенттің дәрігерлер айлық жалақысының 6%-ы мөлшерінде күнделікті қосымша ақы алады деген жарлығы шықты. Бірақ бұл ақша бізге берілмеді. Кейін шілде айында президенттің тағы бір қаулысы шықты, оған сәйкес

дәрігерлер 2,5 миллион, орта медицина қызметкерлері – 1,5 миллион, жүргізушілер — 1 миллион көлемінде ынталандыру төлемдерін алуы керек еді

Бұл жаңалықты естігенде қуанышымызда шек болмап еді,  себебі біз алғашқылардың бірі болып ковид жұқтырған пациенттермен кездесеміз. Бірақ, өкінішке орай, Үкіметтің қаулысы тек қағаз жүзінде қалды. Біз бұл ақшадан бір тиын алған жоқпыз.  Құрбан айтқа бізге Әлішер Усманов бөлген ақша ғана берілді, – дейді жедел жәрдем дәрігері».

Коронавирустың жаңа толқыны: бізге қалай әсер етуі мүмкін?

Оның айтуынша, Чартак ауданында тәулік бойы алты жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Алайда, олардың ешқайсысы үкімет қаулысында көрсетілген көтермелеу төлемін алған жоқ.

Ресми статистикада күмәнді мәселелер көп

Ресми емес мәліметтер бойынша, Өзбекстанда бес жүзден астам дәрігер коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Азия.Терра порталы

Қаза тапқан қызметшілердің қатарында түрлі ұлт, жас, лауазымдағы адамдар бар. Олардың қатарында фельдшерлерден бастап, республиканың түрлі өңірлеріндегі,  Қарақалпақстандағы медициналық басқарма мен клиника басшылары да бар. Олардың 4-5 ерлі-зайыпты, кейбіреуі тіпті бір күнде қайтыс болды.

Алайда ресми деректер бұл ақпаратты растамайды.

Статистика бойынша Өзбекстанда ковидтен 599 адам қайтыс болған

Журналистер мемлекеттік органдар деректі бірнеше есе төмен беріп отыр санайды. Тамыз айында Ташкент дәрігерлерді жетілдіру институтының ректоры, профессор Хабибулла Акилов Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есептілікте әдейі не байқаусызда жасалған қате бар деп мойындады.

Оның айтуынша, бұрын коронавирусқа тест тапсырмаған науқастар стационарға қабылданбаған. Қазір клиникалық диагноз қойылған жағдайда коронавирус белгілері бар науқастың талдау нәтижелері дайын болғанға дейін оны ауруханада немесе үйде емдей бастайды.

Нәтижелерді алғанға дейін қайтыс болғандар ресми статистикаға кірмейді

«Егер олардың диагнозы ресми расталмаса, олар коронавирустың  құрбаны ретінде деректерде ескерілмейді.  Сондықтан сәйкессіздік бар. Тест нәтижелері жоқ науқастар пневмониядан қайтыс болды деп саналады. Талдауы бар адамдар коронавирус статистикасына қосылады», — деген ректордың сөзін портал келтіреді.

17 қарашада Президенттің баспасөз қызметі Шавкат Мирзиеевтің сөзіне сілтеме жасай отырып, бүгінгі таңда «Өзбекстан бойынша 89 мекемеде Covid-19 пациенттеріне 17,5 мың төсек бөлінген» деп хабарлады.

Артық салмағы барларды жұмыстан шығара ма?

Өзбекстанда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап

мемлекеттік билік органдарының басшылары мен қызметкерлерінің артық салмағының деңгейін бағалау критерийі әзірленеді

Жасалған рейтинг негізінде нәтижелерді талдау және онлайн-мониторинг жүйесі енгізілді.

Бұл туралы 19 қарашада Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде дене шынықтыру және спорт министрлігінің ресми тұлғаларының қатысуымен өткен баспасөз конференциясында жарияланды.

2021/2022 оқу жылынан бастап дене шынықтыру барлық сыныптарда аптасына екі сағаттан оқытылатын болады. Ал мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы қызметкерлер жұмыс күні ішінде өндірістік гимнастиканы жасай алатындай арнайы үзілістер белгіленеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз