Дағдарысқа қарсы шараны жақын арада қысқартуға тура келеді.
Сарапшылар экономика пандемиядан ғана емес, мұнай нарығындағы баға соққысынан да зардап шеккенін атап өтті. 2020 жылдың алғашқы тоғыз айында өндіріс көлемі шамамен 3-ға қысқарды. Бұған қызмет көрсету саласындағы белсенділіктің төмендеуі (карантиндік шараларға байланысты) және ОПЕК + келісіміне сәйкес мұнай өндірудің төмендеуі әсер етті.
Доллар қымбаттап, инфляция үдей түсті — сарапшылардың ел экономикасына қатысты болжамы
«Соған қарамастан, мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салаларында жағдай біршама тұрақты, — делінген хабарламада.
Қазан айында инфляция 7%-ды құрады, бұл Ұлттық Банктің нысаналы дәлізінен жоғары (4-6%). Мұны ХВҚ сарапшылары азық-түлік бағасының көтерілуімен және теңге бағамының төмендеуімен түсіндірді.
Сондай-ақ, сарапшылар үшінші тоқсанда сыртқы ағымдағы операциялар шоты бойынша тапшылық болуы мүмкін деп отыр.
Негізінен мұнай экспортының төмендеуіне байланысты болады
«Алтын — валюта резервтері негізінен алтын бағасының өсуіне байланысты қымбаттады», —делінген хабарламада.
ХВҚ миссиясының болжамына сәйкес, 2020 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенділік 2,7%-ға қысқарады. Алайда, 2021-да өсім қалпына келеді.
«Пандемияның дамуына, мұнай бағасының тұрақсыздығына және негізгі сауда серіктестерінің қатысуымен сауда шиеленісіне қатысты айтарлықтай қауіп сақталуда».
Сарапшылар жеке секторды кредиттеу Ұлттық банктің саясатын қолдауға көмектескенін атап өтті. Базалық мөлшерлемелерді өзгерту бойынша шешімдер, валюта нарығындағы интервенциялар және басқа да шараларды атап өтті. Алайда, дәл осындай шаралар бір уақытта «экономиканы қаржыландырудағы мемлекеттің рөлін күшейтті».
Сарапшылар
коронавирустың екінші толқынының келуі дағдарысқа қарсы шараларды кеңейтуге мәжбүр етуі мүмкін деп отыр
«Бірақ мемлекеттің араласуын қысқарту және нарықтық тетіктер негізінде экономиканы қалпына келтіру мақсатында оларды біртіндеп қысқартқан жөн. Қазіргі орта мерзімді ақша-кредит стратегиясы ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру жолындағы кедергілерді анықтау және жоюда маңызды болады», — дейді сарапшылар.
Сондай-ақ олар қазақстандық ЕДБ-нің көпшілігі «салыстырмалы түрде үлкен капитал қорымен дағдарысқа түскенін» атап өтті. Мұны 2020 жылдың басында активтердің сапасын тексеру нәтижесі де көрсетті.
Алайда
дағдарыстан алып шығатын бірқатар уақытша шараларды қысқарту қажет
Олардың ішінде капитал мен өтімділікке қойылатын талаптардың төмендеуі, белгілі бір экспозициялар бойынша несиелердің жіктелуін тоқтату және т.б.
«Бұл орынды болса, банктер өздерінің капитал резервтері мен өтімділігін қалпына келтіру бойынша пәрменді орта мерзімді жоспарлар әзірлеп, ПКА шеңберінде анықталған (активтердің сапасын тексеру) қайта капиталдандыру қажеттіліктеріне қатысты шаралар қабылдауы тиіс», — дейді ХВҚ сарапшылары.
Сондай-ақ ХВҚ 2020 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік басқару секторының жалпы тапшылығы (жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қорды қоса алғанда) ЖІӨ-нің 5,5%-ына дейін артуы мүмкін деген болжам жасады. Бұған табыстың төмендеуі, денсаулық сақтауға қосымша шығындар, түрлі трансферттер әсер етеді. Мемлекеттік қарыз 2019 жылдан 2021 жылға дейін ЖІӨ-нің 4%-на ұлғаяды.
Дегенмен, борыштың деңгейі Ұлттық қордың активтерінен айтарлықтай төмен деңгейде
Орта мерзімді перспективада бюджет резервтерін қалпына келтіру қажет.
«ХВҚ қызметкерлері мұнайдан басқа көздерден түскен түсім көлемін арттырады,
оның ішінде ҚҚС арттыру және прогрессивті табыс және мүліктік салық салуды енгізу есебінен жүзеге асырады
Сапалы реформалар дайындап, оны бейресми экономиканың үлесін төмендету шараларымен бірге жүргізу керек», — дейді сарапшылар.
Олар сондай-ақ құрылымдық реформалардың қажеттілігін атап өтті. Оның ішінде
«Бұл реформалардың қарқынына Covid дағдарысы әсер етуі мүмкін, бірақ соңғы жылдары қол жеткізілген жетістіктерді және реформалар динамикасын сақтап қалуымыз керек. Атап айтқанда,
мұнай-газ, телекоммуникация, авиация, энергетика және теміржол секторларындағы компанияларды жекешелендіруді одан әрі дамытқанымыз жөн
Бұдан басқа, миссия уәкілетті органдардың жаңа цифрлық технологияларды енгізу және экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі жоспарларын қолдайды. Бұл болашақта экономикалық өсу мен жұмыс орындарын құруына жаңа мүмкіндік ашады», — дейді сарапшылар.