Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Доллар қымбаттап, инфляция үдей түсті — сарапшылардың ел экономикасына қатысты болжамы

199
Сурет: tamil.com

ҚҚҚ нәтижелері отандық экономиканың даму перспективаларын көрсететін 5 тезис түрінде ұсынылды. Жалпы алғанда, бір қорытынды бар: қосымша ақша ынталандыруы қажет болады.

1-тезис: теңгеге түсетін қысым артады

Доллар бағамы бойынша болжамдарға қарап ҚҚҚ сарапшылары орта мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді болжамдарын да жариялады.

Респонденттер келесі айдың басында американдық валютаның құнына қатысты болжам жасады. Осылайша, қараша айында теңге біршама нығаяды деп күтілуде. Орташа болжам 425 теңгені құрайды, соңғы күндері ресми бағам 427-430 теңге дәлізінде.

Түрікменстанда азық-түлік дағдарысы жалғасуда — БАҚ-қа шолу

Ұзақ мерзімді болжамдар  аса жақсы емес. Бір жылдан кейін орташа есеппен бір доллардың құны 443,2 теңгені құрайды.

  • Бір ай ішінде көрсеткіш 9 теңгеге жуық өсті, бұл нарықтағы көңіл-күйдің өзгергенін білдіреді
  • Сауалнама жүргізілген барлық уақытта орташа мән бұдан жоғары болған жоқ

2-тезис: инфляцияға қатысты оң болжамдар күтілуде

Сарапшылар аяқ астынан инфляцияға қатысты оң болжам жасады. Олардың пікірінше, алдағы 12 айда Қазақстанда тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі 7,2%-ды құрайды. Салыстырар болсақ, бір ай бұрын болжам 7,7%-ды, тамызда – 7,9%-ды құрады.

Жалпы, бұл –  наурыздан бастап инфляцияға қатысты ең оптимистік болжам. Яғни, теңгенің әлсіреуі, алғашқы карантин және экономикаға айтарлықтай әсер еткен сәттен бері жасалған оң болжам.

«Самұрұқ-Энерго»-ның Алматыдағы ЖЭО-ны газға көшіру туралы сөзі — бос әңгіме, дейді сарапшы

Бұл нарықтың кәсіби қатысушылары үкіметтің жаңа жағдайларға бейімделіп, бағаның өсуін тоқтата алатынына үміт артатынын көрсетеді. Айта кетейік, сарапшылар арасында ғана емес, жалпы қазақстандықтар арасында да болашаққа деген үміт жақсарды.

«Қыркүйек айында, нақты жылдық инфляция 7,0% деңгейінде тұрақтанған кезде инфляциялық болжамдар  6,5%-ға (2020 жылғы тамыз – 6,9%) дейін төмендеді. Бағаның өсуіне қатысты жасалған болжамдар да төмендеді. Осылайша, бағаның өсетінін айтқан респонденттер инфляцияның медианалық бағасы бір жылда 16,6% (2020 жылғы тамыз – 17,7%), ал қабылданатын инфляция 18,1% (20,7%) болуы мүмкін деп болжам жасады»,

— деп атап өтті ҚРҰБ ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский.

3-тезис: ЖІӨ баяу өседі

Төрт ай бойы ЖІӨ динамикасы бойынша орташа болжам бұрынғығы қарағанда жақсы болды. Алайда, қазан айында бұл үрдіс өзгерді, орташа нәтиже қыркүйекте болжанған деңгейде қалды – 1,7%.

Бұл мұнай бағасының қалпына келуіне деген сенімнің күрт ауытқуымен байланысты болуы мүмкін. Егер қыркүйекте Brent бағасы бойынша бір жылға арналған орташа болжам барреліне 50,8 долларды құраса, қазан айында – 45,1-ге дейін төмендеді.

4-тезис: базалық мөлшерлеме төмендейді

Базалық мөлшерлеменің қазіргі жағдайына қатысты болжамда өзгеріс жоқ. Мұндай болжам соңғы 7 ай бойы жасалады. Соңғы сауалнамаға сәйкес, 12 айдан кейін оның мәні 8,75% құрайды. Бұл бір ай бұрынғы деңгейден сәл жоғары (8,6%), бірақ алдыңғы айлардағы орташа болжамдардан төмен. Естеріңізге сала кетейік, базалық мөлшерлеменің ағымдағы мөлшері 9%-ды құрайды.

Соңғы уақытта осы деңгейде қалатын шығар.

Ұлттық Банк өз шешімін 26 қазанда жариялайды және ҚҚҚ респонденттерінің пікірінше, өзгерістерді күтудің қажеті жоқ

Қалай болғанда да, қатысушылардың 85%-ы оның ағымдағы деңгейде қалатынын айтты. Осылайша, сарапшылар ақша-кредит саясаты қазір болмаса да, алдағы уақытта жеңілдетілуі мүмкін дейді…

Бесінші тезис: экономикадағы нақты пайыздық мөлшерлеме (базалық мөлшерлемеден  алдағы инфляция шығындарын шегергенде) оң нәтижені көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз