Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Көші-қон тренді: Түркістан облысының ауылдарынан Шымкентке

953

2018-де 386 484 адам көшуге шешім қабылдаған. Адамдар Астана, Алматы және Шымкент қалаларына көшуді жөн көрген. Ішкі көші-қон есебінен бір жыл ішінде қалалардың халқы 93 379-ға өсті.

Бұл облыстардағы жағдайдың айқын көрсеткіші

Адамдар аймақтарды тастап, өмірлерін жақсарту үшін республиканың ірі қалаларына көшуді жөн көреді

Сонымен қатар, жан басына шаққандағы табысы аз облыстар туралы айтпағанда, бұл беталыс тіпті бай Атырау облысына да тән болып отыр (бұл жақтан Астана мен Ақтөбе облыстарына жиі көшеді).

Ауылдан қалаға

Халқының көшуі бойынша Түркістан облысы бірінші орында – ол жерден 2018 жылы келгендерге қарағанда басқа өңірлерге 40 мың адамға жуық көшіп кетті. Басты бағыт – Шымкент. Мұнда 34 мыңға жуық адам көшіп келген: ел ішіндегі әр 11-ші көші-қон осы бағыт бойынша жүріп жатыр. Сонымен қатар, негізгі лекті Түркістан облысының ауылдық жерлерінің тұрғындары құрайды – 26 мыңнан астам адам.

Астанаға ең танымал 10 ішкі көші-қон бағытының жартысы келеді

Мұнда Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл облыстарынан (жалпы сальдо – шамамен 16,3 мың адам) көшіп келеді. Алматыға көбіне Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарынан (25 мыңға жуық) келеді.

ШҚО мен Қарағанды облысынан кетіп жатыр

Сыртқы көші-қонға келетін болсақ, адамдар келгенге қарағанда, бұрынғысынша, жиі кетеді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша көші-қон 29 109 адамды құрады (келгендер – 12 785, кеткендер – 41 894). Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ең нашар сальдо: 5 585 және 5 255 адам. Тиісінше

кеткендер саны келгендер санынан бірнеше есе артық

Бес өңірде көші-қон оң көрсеткішке ие:

• Маңғыстау облысына келгендер саны шетелге кеткендерден 1 118 адамға көп,
• Алматы облысына – 539,
• Шымкентке – 391,
• Түркістан қаласына – 344,
• Атырау облысына – 35 адам.

Ақылды адамдардың кетуі

Мәселе тек көшіп-қонушылар санында емес, сонымен қатар олардың сапасында. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылы жоғары білімі бар мамандардың келгендеріне қарағанда кеткендері 10 064-ға көп. Орта кәсіптік білім бойынша сальдо – минус 7 699, орта білім бойынша – 1 912 адам.

Тек ТМД-нің өзіне жоғары білімі бар мамандар келгендерге қарағанда 6,1 есе көп кетті

Техникалық білімі бар мамандар өте жиі кетеді. Келгендер санынан шет елге кеткендер саны 6 147 адамға көп. Экономистердің таза ағыны 3 241, педагогтар – 1 858, медиктер – 822, сәулетшілер мен құрылысшылар – 395, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар – 277 адамды құрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз